Фотоальбомдар
Қарқаралы теңдесі жоқ табиғатымен ерекшеленетін өлке. Қарқаралыны аумағы ерекше сақталатын табиғи аумақ Қарқаралы Мемлекеттік ұлттық табиғат бағының аумағы қоршайды. Бақтың флорасы мен фаунасы өте бай.
Оның аумағында өсімдіктердің тіркелген 244-тен астам түрі кездеседі. Олардың 5-уі ҚР Қызыл Кітабына енгізілген. Әдебиет деректеріне сүйенсек, бақ аумағындағы өсімдік түрлерінің саны 800-ге жуық деген болжамдар бар. Бақтың аумағында сүтқоректілердің 45 түрі, құстың 120 астам түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі және балықтың 15 түрі, тоғайды құрайтын тұқымды қарағайлар, қайыңдар, көктеректер, саңырауқұлақтың 18 түрі және т.б. кең таралған.
Фотосуреттер: 16
Қарау саны: 30157
Қарқаралы- табиғаты әсем қасиетті жер, оның сұлулығын «Қазақстанның Швейцариясы» деп атайды.
Бұл-тоғайлы арал көне таулармен Орталық Қазақстанның ұшы - қиырсыз даласында, мәңгі жасыл қарағайларымен, таза гаусар көлдерімен, сыңғырлаған өзендерімен, ертегідей шатқалдарымен және қайталанбас жартастарымен орналасқан. Қарқаралы өңірі табиғат пен тарихты сүйетіндер мен демалушылар, қонақтар және туристер үшін ерекше қызығушылық танытатын өзінің көркемдігімен ерекшеленеді.
Таулы өзендер, дала және тау көлдері, бай флорасы мен фаунаcы - осының бәрі Қарқаралыны керемет тартымды етіп көрсетеді.
Фотосуреттер: 23
Қарау саны: 19209
Қарқаралы- табиғаты әсем қасиетті жер, оның сұлулығын «Қазақстанның Швейцариясы» деп атайды.
Бүгінде Қарқаралы-облыстың экономикалық және мәдени өмірін дамытудағы маңызды орын алатын Қарағанды облысындағы ең көне қала. Оның тарихы тау өзені алабындағы шағын дала поселкасынан басталып, 1824 жылы қамал салынып, ал үш жылдан кейін ол казак станицасына айналған. 1869 жылы Қарқаралы уездік орталық болған. Ол арқылы ұлы керуен жолы Орталық Азиядан Сібірге-Ұлы Жібек Жолы, сондай-ақ атақты Қоянды жәрмеңкесі өткізіліп тұрған.
Аудан тарих және мәдениет ескерткіштеріне бай өлке.
Фотосуреттер: 15
Қарау саны: 20633
Нәтижелер: 1 - 3 / 3
< Артқа |
1 |
Алға >
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау