Туризм нұсқаушыларын дайындау жөніндегі облыстық семинар-тренингі

 Туризм басқармасының туризм бөлімінің 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2013 жылдың 14 – 20 тамызы аралығында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының, санитарлық-сауықтандыру мекемелерінің туристік ұйымдастырушыларының, ұлттық парктер, туристік кадрладры даярлайтын оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалының аумағындағы «Восточная» демалыс базасында туризм нұсқаушыларын дайындау жөніндегі семинар-тренинг өткізілді.
Семинардың мақсаттары: Ақмола облысының туризм мекемелері және ұлттық парктері үшін туризм нұсқаушыларының біліктілігін арттыру, туристік қызметтердің сапасын және туристік жорықтар мен экскурсиялар өткізу кезінде туристердің қауіпсіздігін жақсарту болды.
Семинарға 15 адам санында Ақмола облысының туристік мекемелерінің өкілдері, сауықтандыру орталықтарының туризм гидтері мен нұсқаушылары, «Көкшетау» МҰТП рекреация мамандары, ЖОО студенттері қатысты.
Семинар бағдарламасына Қазақстан Республикасында туристік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізудің техникасы мен әдісін зерттеу енгізілді. Семинардың тәжірибелік бөлігі Зеренді көлінің аймағында радиалды туристік жорықтарда негізгі туристік дағдыларды пысықтауды қамтыды.
Семинарды өткізуге үлкен туристік тәжірибелері бар, ҚР еңбек сіңірген туризм нұсқаушылары: Қасымова Ақбөпе Баянқызы, Имамбаева Күнайза Мүслимқызы, Цысельская Светлана Ивановна тартылды.
Практикум барысында көпкүндік туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізудің техникасы және әдістері, экстремалды табиғи жағдайларда туристердің тірі қалуларының негіздері үйретілді. Практикумның бір мақсаттарының бірі «Көкшетау» МҰТП туристік-рекреациялық әлеуеттін, жаңа туристік бағдарларды салу мүмкіндіктерін зерттеу болды.
Күнде Зеренді көлінің маңындағы Зеренді тауларына радиалды жорықтарға шығып отырдық. Семинарға қатысушылар өздеріне жаңа туристік объектілерді ашып, «Айдаһар үнгірі» үңгіріне барумен Үлгілі ауылының жанындағы Қауқарағай шоқысына жорық жасады, «Өмір суы» (басқа атаулары: Ермаковский, Қарсақ, Үлгілі сарқырамасы немесе «Варан» каньоны) сарқырамасында болды.
Шағалалы өзенінің алқабындағы ежелгі қорғандарға, «Орманды бұлақ» кордонына, Байтерек ауылының жанындағы қайталанбас дәміді мөлдір суы бар артезиан құдығына бару да қызықты болды.
Піскен шие бұталықтары арасынан және суы мол бұлақтардан өтіп, семинарға қатысушылар Үлкен Зеренді шоқысының шыңына шықты (587 м).
Жорықтардың бірі табиғаттың ғажайып жаратуы: «Гриб-гигант», «Пасть акулы», «НЛО», «Блинная» және т.б. жартастарына баруға арналды.
Күн райының құбылуы, масалардың көптігі, жайлылықтың болмау да семинарды өткізуге кедергі болған жоқ.
Семинар барысында алынған жорықтық өмір дағдылары, туристік білім және ептілік семинарға қатысушылардың алдында қаулап дамып жатқан туристік қызмет көрсету саласында үлкен мүмкіндіктерді ашады. Бірақ, бұл тек қана алынған білім мен ептілікті әрдайым арттырған кезде, көрсетілетін туристік қызметтерді жақсартқанда ғана болады.
Семинар-практикум аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.

Семинардың жетекшісі,
Туризм бөлімінің бас маманы – С.Р. Қасымов

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні