Экология мәселесі кешенді шешілмек

     Мәртебелі мейман қалалық «Павлодар-Су арнасы» ЖШС-нің тазалау құрылғыларын аралады. Бүгінде тазалау құрылғыларының тәулік сайынғы қуаттылығы 183 мың текше метрді, ал қалалық тазалау құрылғыларының қуаты тәулігіне 200 мың текше метрді құрайды. 2012-2014 жылдарға арналған 652,4 млн. теңгенің инвистициялық бағдарламасы әзірленіп, бекітілген. Ал қоршаған ортаны қорғау шараларына113,9 млн. теңге қарастырылған. Бұдан кейін министр Павлодар химия зауыты базасында 2002 жылы құрылған «Каустик» АҚ-да болып, зауыттың басты қызметімен, каустикалық сода, натрий гипохлориті, хлор, тұз қышқылы сияқты шығарылатын өнім номенклатурасымен танысты. 2011 жылғы өнім көлемі 703,0 тоннаны, ал 2012 жылғы қаңтар-ақпанда 152,0 тоннаны құрап отыр. Кәсіпорында мембраналық технология бойынша әлемдік деңгейдегі, басқаларына қарағанда экологиялық таза әрі республика бойынша сыңыры жоқ жаңа өндірістік технологияларды қолданумен каустикалық сода мен хлор өндіруге арналған заманауи құрылғылар орнатылған. «Каустик» АҚ-ның даму перспективасында жобалық қуаттылыққа шығу, жаңа химиялық өндірісті жаңарту және ұйымдастыру бар. Министр жалпы ауданы 100,7865 гектар болатын облыс орталығының Өнеркәсіптік орталығындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонда да болды. 2012 жылғы қаңтар-ақпан айларында қабылданған қатты-тұрмыстық қалдықтар 117 657,92 текше метрді, ал өндірістік қалдықтар 693,9 тоннаны құрады. Пластикалық бөтелкелерді өңдеуге арналған жабдық орнату жоспарланып отыр. Қазіргі кезде ғимарат құрылысы үшін жобалау-смета құжаттамасы ресімделуде. «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да Нұрлан Қаппаров аллюминий электролизі цехындағы негізгі өндіріс жұмысының принциптерімен танысты. Цехта құю және алюминий өндірісінің қалдықтарын өңдеудегі әлемдік көшбасшылар жасаған қоқысты басу құрылғысы мәртебелі мейманның сапары қарсаңында қолданысқа берілді. ENRC PLC компаниясының бас атқарушы директоры Ф.Вулис ENRC компаниясының құрамына енетін кәсіпорындар үшін экология мәселесінің маңыздылығын атап, 2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан электролиз зауытында осы мақсаттарға 2,9 млрд. теңге жолданғанын жеткізді. Сонымен қатар акционерлік қоғам президенті А. Ибрагимовтың айтуынша, салынып жатқан анодты зауытта газ тазалаудың пайдалы жұмыс коэффициенті 99,8 пайыз болатын жетекші әлемдік өндірушілердің газ тазалау құрылғысы орнатылған. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаров қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауа қабатына қалдықтар шығаруының жыл сайынғы төмендеуінің маңыздылығын атап өтті. Экологиялық қауіпсіздік мәселелерін кешенді шешу қажет, деді Министр. Күннің екінші жартысында Қоршаған ортаны қорғау министрі «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жылу электр стансасында болды.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні