Облыс әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Жанбол Жылбаев тағайындалды.
Жылбаев Жанбол Октябрьұлы 1964 жылы дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 1988 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің Қарағанды біліктілігін арттыру институтын, ал 1999 жылыД.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің Қарағанды филиалын аяқтады.
Біліктілігі бойынша алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, экономист-бухгалтер, заңгер. Педагогикалық ғылымдар кандидаты.
1993 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Он бес жылдан аса уақыт Ленин ауданы мен Қарағанды қаласының білім бөлімдерін басқарды. Облыстық білім беру департаменті бастығының орынбасары, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде қызмет етті. Қарағанды облысы бойынша Әділет департаменті бастығының орынбасары, тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитетінің кадрларды басқару және ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
Тағайындалғанға дейін ҚР Әділет министрлігі талдау және құқықтық насихат департаменті директорының орынбасары қызметінде болды.
Облыс әкімінің орынбасары лауазымында әлеуметтік мәселелер мен ішкі саясат саласына жетекшілік жасайтын болады.
Аймақ басшысы Ғабит Матаевтың Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне ауысуына байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылғандығын хабарлады. Сондай-ақ Әбдіжаппар Әбдәкімов те басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімінің кеңесшісі қызметінен босатылды.
Әбілғазы Құсайынов жемісті еңбектері үшін Ғабит Матаевқа, Арман Қырықбаевқа және Әбдіжаппар Әбдәкімовке алғысын білдіріп, облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырып, жаңа қызметтерінде табыс тіледі.  

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні