Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер арасындағы VII Облыстық шығармашылық және спорттық фестиваль

Қарағанды қаласының «Лучик Надежды » қайырымдылық қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілетін «Мейірімділік және шексіз қайырымдылық» атты өнер және спорт фестивалі өтті. Бұл фестивальда вокал, көркем би өнері, бейнелеу және қол өнер бұйымдары көрсетілді. Вокал конкурсы бойынша «Жеңіске ұмтылысы үшін» Ким Андрей, «Топтық би» конкурсында біздің қатысушылар «Ерекшелігі үшін» грамотамен марапатталды. Бейнелеу және қол өнер бұйымдары конкурсында Инкаров Ерасыл лауреат атанып, жүлдеге ие болды.
Мүмкіншілігі шектеулі жандарға жыл сайын келетін осындай өнер және спорт фестиваліне қатысу бақытты күндерінің бірі десек, артық айтқандық болмас. Мерекеге бар қатысқан бүлдіршіндердің қайраттылығына, ержүректілігіне, батылдығына, ештеңеден тайсалмайтындығына жүрегің езілмей қарау мүмкін емес. 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні