«Орал өңіріне» рақмет!

 

Биылғы жылдың қараша айын­­­да облыстық «Орал өңі­рі» газетінің бас редакторы Б.Ғұбайдуллиннің атына хат жазып, тұрған үйімнің сал­қын­дығы, коммуналдық баспананы жөндеуге жергілікті басшылардан көмектің мар­дымсыздығы жөнінде баян­даған едім.

Арыз редакцияның хат қор­жынына түскен соң «Орал өңі­рі» газетінің Сырым ауда­нын­дағы меншікті тілшісі М.Ай­ташев үйімізге келіп, арызда жазыл­ған жағ­дайлардың мән-жайын біліп, редакция басшылығына ха­­бар­лауға тиіс екендігін тілге тиек етті. Біз бәрі де анық, шындық екендігін айтып, «Орал өңірі» газеті ре­дак­­ция­сынан қолдау күтіп отыр­­­ған­дығымызды жеткіздік.

Көп уақытты созбай га­зет­тің тілшісі Тоқтар Кен­жеғалиев Оралдан арнайы келіп, үйіміз­дің жағдайын көзбе-көз көрді. Сол жерде аудан әкімі Ерлан Нысан­ғалиев те болып, үйімізге газбен жылыту желісін тартып беруге уәде етті.

Көп кешікпей газетте Т.Кен­жеғалиевтің «Жаңа жылды жы­лы үйде қарсылайық» атты көлемді мақаласы шық­ты. Үміт оты лаулап, көңілі­мізді қуаныш кернеді. Мақа­ла жа­рыққа шыққан соң жер­гілікті басшылар да күрт іске кірісті. Осы орайда аудан әкімі Ерлан Ны­сан­ға­лиевтің, ауыл әкі­мі Сә­лімгерей Тәжібаевтың, ау­дан­дық коммуналдық шар­­уа­шылық мекемесінің басты­ғы Жұмағали Молдашевтың бізге үлкен көмектерінің бол­ған­ды­ғын айтқан жөн.

Осы кезге дейін елеу­сіз, сазарып, салқын күйде тұр­ған үйімізге жан бітіп, отбасы мүшелерінің беттеріне қан жү­­гіре бастады. Жылу жү­йе­лері үйге жүргізілген соң көгілдір отын қосылып, үйі­міздің іші жылып сала берді. Міне, қуаныш, шатты өмір деген осы. Осы кезге дейін жөн­де­луі сөзбұйдалыққа салынып кел­ген үйімізге «Орал өңірі­нің» араласуымен газ же­лісі кіргізіліп, отбасы болып зор қуанышқа кенелдік.

Осындай қамқорлық, адам баласына деген шынайы ақ ниеттеріңіз үшін «Орал өңі­рі» газеті редакциясының бас­­шы-қосшысына аналық ал­ғысымды айтамын. Жаңа жыл­ды жылы үйде қарсы­лайтын болғанымызға бек қуаныш­тымын.


Мәншүк МЕРҒАЛИЕВА, көп балалы ана, Жымпиты ауылы, Сырым ауданы
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні