Қорғалжын ауданында өткізілген халықаралық туризм күніне арналған іс-шаралар туралы есеп

1. Қорғалжын ауданының барлық мектептерінде 27 қыркүйек күні «Халықаралық туризм күні» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.
2. 27 қыркүйек күні Қорғалжын ауылында, Қорғалжын. әкімдігінің ғимаратында халықаралық туризм күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: Қорғалжын ауданы туризм кеңесінің мүшелері – аудан әкімінің орынбасары, акімдік бөлімдерінің бастықтары, Қорғалжын қорығының, Қорғалжын ауданының туризм жөніндегі ақпараттық-ресурстық орталығының өкілдері. Сонымен қатар мектеп директорлары, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры шақырылды.
Келесі тақырыпта тұсаукесерлер мен баяндамалар тыңдалды:
1. Халықаралық туризм күні туралы ақпарат.
2.Қорғалжын ауданында экотуризмнің дамуы.
3.Қорғалжын қорығындағы экотуризм.
4. «Родник» ҚБ Қорғалжын ауданында экотуризмнің дамуына қолдау көрсетуі.
5.Қорғалжын ауданында балалар туризмін дамытудың перспективалары.
Соңғы тақырып бойынша дөңгелек үстелге қатысушылардың арасында қызу пікірталас орын алды. Өкінішке орай, бұл туризмнің түрін дамыту үшін жақсы әлеуеттің болуына қарамастан қазіргі кезге дейін ауданда балалар туризмін ешкім қолға алған жоқ. Бұл Қорғалжын қорығы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Визит орталығы және т.б. аумақта экотуризм, дамып келеді, гид-жол сілтеушілер мен экскурсия жетекшілерінің тапшылығы сезіледі. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыта отырып аудан болашақта өз өңірінің аймақтары мен табиғатын жақсы білетін өз кадрларына ие болуға мүмкіндік алар еді. Сонымен бірге балалар туризмі баланың жан-жақты қалыптасуына, шығармашылық қабылеті мен өзін-өзі ұйымдастыру қабылеттерінің ашылуына септігін тигізеді, салауатты өмір салтын насихаттайды, патриоттық сезімдерді тәрбиелейді.
Дөңгелек үстел қатысушылары қорғалжын ауданында балалар туризмін дамытуға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Туризм, дене шынықтыру және спорт бөліміне АудББ және Қорғалжын қорығымен бірлесіп балалар туризмі бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы тапсырма берілді.

3. 3 қазан күні халықаралық туризм күніне арналған «Жас турист» байқауы өткізілді.
Байқауды ұйымдастырушылар – Қорғалжын ауданының туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, АудББ. Демеушілер - Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы және туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімі .
Байқаудың мақсаты - өңірде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, дені сау өскелең ұрпақты тәрбиелеу.
Байқау Қорғалжын ауылының Дружба орта мектебінің спорттық алаңында өткізілді.
Байқауға Қорғалжын ауылы Дружба орта мектебінің, Қорғалжын мектеп-гимназиясының, Арықты, Қызылту және Майшұқұр орта мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Аталған байқаудың аясында балалар келесі тапсырмалар орындады: командалардың сап түзеуі, онда сырқы түрлері, біріңғай формалары, таныстыру есепке алынды; палаткаларды құрастыру және жинстырудан, уақытқа от жағудан сайыс; «Өткел», «Тұрған орындарын бағдарлай білу» спортық сайыстары, туристтік әндерді үздік орындау.
Бірінші орынды Дружба орта мектебінің командасы жеңіп алды, екніші орын – Арықты орта мектебі, үшінші орын – Қорғалжын мектеп-гимназиясы.
Жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұндай байқау көп жылдан бері алғаш рет өткізілп отырғанын атап өткен жөн. Балалар оған белсенді қатысып, әр бір жеңістеріне шын жүректен қуанып отырды.
Жоғары деңгейдегі сәйкес жарыстарға қатыса латын Қорғалжын ауданының жас туристтер командасын жасақтау үшін осындай іс-шараларды әрі қарай өткізу жоспарланып отыр.

Қорғалжын ауданы туризм,
дене шынықтыру және спорт
бөлімінің маманы
О.Кошкина әзірледі.
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні