Қорғалжын ауылындағы «Фламинго 2011» фестивалі

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында «Фламинго» фестивалін өткізу жақсы дәстүрге айналып келеді, қатысушылар саны жыл сайын артып келеді, оның маңызы көтерілуде. Былтырғы 2010 жылы 2 кезеңнен өткізілсе – аудандық және облыстық, биыл 2 кезең Астана қаласында республикалық деңгейде өткізілетін болады.
Фестивальдің 1 кезеңі – аудандық деңгейде 2011 жылдың 12 тамызында Қорғалжын ауылында өткізілді. Оны ұйымдастырушылар Қорғалжын ауданының әкімдігі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, аудандық мәдениет үйі және аудандық білім бөлімі.
Фестивальдің басты мақсаты
Главная цель фестиваля – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, халықаралық қайырымдылық қорларының Қорғалжын ауданының бірегей биоәртүрлілігі проблемасына назарларын аудару, туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген патриоттық сезімдерді қалыптастыру.
Біз, жергілікті тұрғындар, біздің қорықтың өзендері халықаралық деңгейде қолдау тапқандығын мақтан тұтамыз. Қорғалжын қорығы Рамсар конвенциясының тізіміне, «Жанды көлдер» халықаралық ұйымына, оған әлемдегі ең бірегей көлдер кіреді, ЮНЕСКО-ның табиғи мұрасына енгізілді. Әлемнің түкпір-түкпірінен біздің даламыз бен көлдерімізді тамашалау үшін туристтер келеді.
Фестивальдің символы болып фламинго құсы таңдалуы тегін емес. Қорғалжын мемлекеттік қорығының аумағындағы Теңіз көлінде қиыр солтүстікте орналасқан, ал соңғы отыз жылда ТМД аумағында фламинго ұя салатын жалғыз жер. Бұл құстардың саны 20-50 мың аралығында. Жыл сайын алыстағы қыс болмайтын ыстық елдерден мыңдаған құстар елдеріне оралып, ұя салады.
Фламинго – өлкеміздің мақтанышы, ауданымыздың визит карточкасы. Сондықтан байқауға келіп түскен жұмыстардың басым бөлігі осы құсқа арналды.
Аталған іс-шараның жазғы демалыстар кезінде өткізілгендігіне қарамастан, Қорғалжын ауданынынан 70-тен астам адам қатысты. Қатысушылардың жасы шектелмеген, ең кішкентайы 4 жаста.
Өз өнерлері арқылы фестиваль қатысушылары ерекше жанды табиғаттың бірегейлігін бейнелеуге тырысты. Әрбіржұмыста туған өлкесіне деген сүйіспеншілік, осы жердің еркесі – фламингоға деген құрмет білінеді. Жұмыс қорытындылары бойынша үш жас категориялары бойынша жүлдегерлер анықталды.
Фестивальдің гран-при жүлдесін ерекше жұмысы үшін онбес жасар Айтжанова Арай жеңіп алды.
Қорғалжын өлкесінің табиғаты туралы пейзажист суретшілердің үздік жұмысы номинациясыда 5-10 жас аралығы жас категориясында Қабылов Жантөре, 11-17 жас аралығында – Тілеулесова Жұлдыз, 18 жастан жоғары – Балташев Химзат жеңімпаз атанды.
«Қызғылт фламинго» тақырыбы бойынша қолданбалы өнердің үздік жұмысы номинациясында 5-10 жас аралығындағы категорияда Лабузова Виктория, 11-17 жас – Рамазанова Аида, 18 жастан жоғары – Жақыпбекова Валентина жеңіпаз болып танылды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Фестиваль кезінде мәдениет үйінің сахнасында фламинго туралы үздік театрландырылған жән би қойылымы, үздік өлеңдер мен әндер номинациясы бойынша байқау өткізілді. Жас ақын Сыздықова Гүлжаһардың өлеңдері, ақын Ирина Дееваның фламингоға арналған «Королева дня» өлеңі көрермендердің көңілдерінен шықты. К.Құсайынов атындағы халық театрының ұжымы мен «Фламинго» би ұжымы жақсы өнер көрсетті.




Екінші және үшінші орын алған қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарға арналған сыйлықтар мен жұбату сыйлықтарын Қорғалжын қорығы қамтамасыз етті.
Фестиваль жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімінен кейін, Корғалжын қорығының Визит-орталығы барлық келемін деушілерге есігін айқара ашты.

Кошкина О.
Қорғалжын қорығы

 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні