Оқиғалар
http://www.khabar.kz
Тәртіп сақшыларын техникалық жағынан жарақтандыру да басым бағыт. Мұның бәрі қылмысқа қарсы күресті жаңа денгейге көтерері анық,-дейді қостанайлық құқық қорғаушылар. Мейрамхана алдындағы жастардың төбелесі, автокөлікті ұрлап, айдап әкетпек болған адамның әрекеті бейне бақылау камералары арқылы полиция қызметкерлерінің көз алдында жүріп жатты. Сондықтан, құқық бұзушылар лезде қолға түсті. Күніне Қостанайдағы жедел басқару орталығы осындай 70-ге жуық оқиға тіркейді екен. Көшедегі бейне камералардың арқасында былтыр 119 қылмыстың ізі суымай ашылған. Енді қаладағы жекелеген аулаларды да бейне бақылаумен қамту жоспарланып отыр.
Мұратбек СЕЙІТҚҰЛОВ, ОІІД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Биылғы жылы жоспарымызда бар, 60 аула қауіпсіздігіне қойылады. Көбінесе қылмыстар болатын біздің мынау микрорайындарымызда, мөлтекаудандарымызда, одан кейін көп қабатты үйлердің алдына камераларды қойып. Өте бұл өзімізге, елімізге, болашағымызға пайдасы көп.
Қостанайлық тәртіп сақшылары аттестацияға дайын екендіктерін айтады. Өйткені, мұнда қызметкерлердің кәсіби-іскерлік және психологиялық-моральдық қарым-қабілеттері үнемі назарда.
Абылай ЛАТЫПОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Өзіміздің арамыздағы тәртіпсіз қызметкерлерден арылу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Қатаң принципті ұстанамыз бұл жөнінен. Былтырғы жылы 24 қылмыстық іс қозғалды, соның алтауын өзіміз қозғадық. 44 қызметкер теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.
Елбасының Еуразиялық полиция құру туралы ұсынысы Ресейдің 3 облысымен шектесетін Қостанай облысы үшін аса маңызды. Бұл шекаралас жатқан өңірлерде қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік береді, - дейді тәртіп сақшылары.
www.khabar.kz
Жыл сайын, қаңтардың бірінші жұлдыздарында сайттың модераторлары бүкіләлемдік вокалды фестивалін өткізеді, оған әлемнің барлық континенттерінен бірнеше мың сүйшілер мен кәсіпқорлар қатысып отырады. Солардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан екені анық, алайда оларға бәсекелестікті Еуроподан (Германия, Польша, Чехия, Ұлыбритания), Америкадан (АҚШ, Канада) және Аустралиядан бұрыңғы ресейліктер құрайды.
ВКМ фестивалінде жеңу үшін жыл ішінде бірнеше іріктеу турларлардан және конкурстық рейтингтік чарттардан өту қажет, сонда ғана финалда өз өнерінді көрсетуге мүмкіндік болады. Интернетте жылдың бас сыйлығына үміткерлерді анықтау бойынша онлайн-дауыс беру үнемі жүріп отырады.
2012 жылдың ВКМ фестивалі жеңімпазы болып қостанайлық – Арыстан Құрманов атанды. Арыстан өткен жылы 50 жылға толды. Ол біздің жұртшылыққа өзінің тамаша дауысымен, сахнаға және жақсы әнге деген шексіз берілуімен белгілі.
Өнер ордасы 1 жылдан аса уақытта салынып, облыс орталығындағы көрнекті ғимараттардың біріне айналды. Биіктігі 38 метр болатын сәулетті ғимаратты 4 мұнара одан әрі көркейтіп тұр. Сахнаның биіктігі 15 метрден асады. Жобаның жалпы құны – 2 миллиард теңгеден жоғары.
Сергей КУЛАГИН, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Бұл өнер ошағы әлі талай уақыт қостанайлықтар мен қала қонақтарын қуантатын болады. Мұндай еңселі ғимараттардың салынуы біздің қоғамдағы қуатты экономика мен тұрақтылықтың дәлелі бола алады.
Театрдың 337 орынды 2 залы бар. Ондағы 120 орын ілеспе аудармамен жабдықталған. Труппа жақында жаңа автобус алды. Кез-келген деңгейдегі спектакльді қоюға болатын сахна жылжымалы шымылдықпен қоса, айналмалы қосымша алаңмен жабдықталған. Мұндағы барлық техника ең соңғы үлгідегі жабдықтар, - дейді мамандар. Жаңа театрдың артықшылықтары туралы көп айтуға болады, бірақ ең бастысы ондағы өнер әлеміне ғана тән құдіреті мен тартымдылығы, - дейді актерлер. Жақында жаңа театр шымылдығын «Абай спектаклінің» премьерасы ашады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, труппа театрға аты берілген Ілияс Омаров туралы жаңа қойылым әзірлеуді де алдағы күндердің еншісіне қойып отыр.
www.khabar.kz
Ғимаратты ашу салтанатына облыс әкімі Сергей Кулагин, Қазақстан Халық Банкі Басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметова, Ұлттық Банктің Қостанай облыстық филиалының директоры Мираш Жұмашев, Қостанай қаласының тұрғындары мен Халық банкі клиенттері қатысты.
Халық банкінің облыстық филиалының жаңа ғимараты құрылыс стандарттарының бүгінгі күнгі талаптарын ескере отырып жобаланған. Жаңа орын-жай клиенттерге және қызметкерлерге ыңғайлы заманауи интерьерге ие болды: ғимаратта ауқымды қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылып, бес кассалық кабина ашылды, екі банкомат орнатылды.
Жеке тұлға болып табылатын клиенттерге ыңғайлы болуы үшін депозиттер және карточкалық шоттар ашу және қызмет көрсету, бөлшек кредиттерді рәсімдеуге байланысты банктік өнімдер мен қызметтердің топтамасы толығымен ұсынылып отыр.
Халық банкінің Қостанай қаласындағы филиалы айына 6 мыңнан астам клиентке қызмет көрсете алады деп күтілуде.
- Халық банкі өз клиенттеріне барынша таңдаулы сервис пен жағдайларды жасау үшін мүмкіндігінше қажетті шараның барлығын қабылдауда. Әрбір жаңа бөлімше, әрбір жаңа сатылым арнасы ашылған сайын біздің банк өз филиал желісін дамыту жөніндегі басты стратегиялық мақсатын жоспарлы түрде жүзеге асырып, сол арқылы клиенттерге барынша жақындай түсуде, - деді Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.
Халық банкі басшылығының сапары шеңберінде филиал өз қамқорлығындағы ұйым – «Қостанай облыстық балаларға арналған құлақ мүкісін түзету жөніндегі мектеп-интернат» Мемлекеттік мекемесіне телевизор, Қостанай облыстық Ішкі істер департаментіне 4 ноутбук табыс ету арқылы демеушілік көмек көрсетті.
***
Халық банкінің Қостанай облыстық филиалы өңірдегі банк нарығында жетекші орынды ұстап отырған филиал. Филиал Рудный, Лисаковск, Жетіқара, Арқалық қалаларының және облыстың Қостанай, Қарабалық, Ұзынкөл, Меңдіқара, Денисов, Әулиекөл, Таранов, Сарыкөл, Федоров секілді жеті ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Клиенттер саны 363 мың жеке тұлғаны, 3,5 мың заңды тұлғаны құрайды. Филиал банкоматтар және әрекет етуші карточкалық шоттар саны бойынша басқа банктердің облыстық филиалдары арасында көш бастап келеді.
Облыстағы 1 094 кәсіпорын мен ұйымның қызметкерлері өз жалақыларын Халық банкінің төлем карточкалары бойынша алады. Бүгінгі күні облыста 76 банкомат орнатылған, оның ішінде ауылдық жерлерде - 39, қалада – 37.
Қала және аудандардың есеп-кассалық бөлімшелерінде қолма-қол ақшасыз операциялар, оның ішінде салықтық және бюджеттік көптеген төлемдерді жүргізуге мүмкіндік беретін 21 банктік терминал (мультимедиялық киоск) орнатылған. Түрлі бөлімшелерде, сауда және сервистік пункттерде орнатылған POS-терминалдар саны 152 бірлікті құрайды. 4 аудандық басқарма мен 3 бөлімше клиенттерге жедел әрі ыңғайлы жағдайда қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін кезекті реттеудің «NEMO-Q» электрондық жүйесімен жабдықталған.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: