Оқиғалар
Облыстық әкімшілік басшысы ҰОС ардагерлерін Жеңіс мейрамымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.
«Баласағұн» орталық концерттік залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 65-жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл жиынға соғыс ардагерлері, тылдағы еңбеккерлер, қалалық ардагерлер одағы және жауынгер-интернационалистер, облыс әкімдігінің басшылары, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары қатысты.
Облыс Әкімі Қанат Бозымбаев жамбылдық соғыс ардагерлері мен тылдағы еңбеккерлерге құттықтау сөзімен ықыласын білдіріп, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» естелік медалін тапсырды.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен аяқталды. Соғыс ардагерлері үшін Жамбыл облысынан шыққан Қазақстанға белгілі атақты әртістер ардагерлердің сүйіп тыңдайтын әскери әуендерін сыйға тартты. Әртістердің қысқаша қойылымдарын және би өнерлерін тамашалады.
Келесі күні 7 мамырда облыс әкімі Қанат Бозымбаев тұрғын үй жағдайларын жақсартуға кезекте тұрған ҰОС қатысқандарға және мүгедектерге «Бәйтерек» жаңа мөлтектен пәтерлер кілтін тапсырды.
Жеңістің мерейтойына арналған мерекенің тағы бір ісшарасы Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылындағы саябақтаСовет Одағының Батыры Ағаділ Сухамбаевқа ескерткіш ашылды. Александр Матросовтың ерлігін қайталаған батыр Ағаділ Сухамбаев Байзақ ауданында туған, 1944 жылы соғыс кезінде атыс орнындағы амбразураны кеудесімен жауып польшалық Стжельцовизна ауылын қорғап қалған.
Ал 9 мамыр күні облыс басшылары сағат 9.00-де Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арнап «Даңқ» мемориалына және ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Содан соң «Достық» алаңында мерекелік салтанатты әскери шеру өтті. Онда Жамбыл облысында орналасқан барлық әскери түрлері: артиллеристтер, мотоатқыштар, ішкі әскерлер, тылдағы әскери қамтамасыздандыру бөлімдері және т.б. қатысты. Дабылшылар, құрметті қарауыл және барлаушы бөлімшелері көрнекі орындаулар номерлерін көрсетті. Мерекелік шеру алаңда үрмелі әскери оркестр әуенімен салтанатты маршпен аяқталды. Шеру аяқталған соң саябақта солдат кашасын тарату ұйымдастырылды. Ал кешкі 21.00-де Ұлы Отан соғысының жеңімпаздарының құрметіне салют берілді.
Көкпарға Жамбыл облысының «Әулие Ата» және Қырғыз Республикасының «Ой кайын» командалары жарысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан көкпар ойын-сауық көрінісі қызықты болды. Ойын басталысымен жамбылдықтар үш ұпайға ие болды. Бұдан кейін қарсыластары да ойынға белсенді араласып екі ұпай алды. Жамбылдық көкпаршылар намысқа тырысып соңында 6:2 есебімен жеңіске жетті. Сонымен бас жүлдені жамбылдықтар, ал қарсыластары көтермелеу сыйлықтар алды.
Құнан бәйгеге 36 шабандоз қатысты. Олар Меркі, Байзақ, Қордай, Талас, Т.Рысқұлов, Шу, Жамбыл, Сарысу және Жуалы аудандарының, Тараз және Алматы қалаларының жеткіншектері. Олардың мақсаты ипподромды үш айналып тоғыз километрлі ара қашықтықта жеңіп шығу. Екінші айналым кезінде 31 номерлі Алматы облысынан Думан атты сәйгүлігімен Еркебұлан Амантай өзінің қарсыластарынан алға ұмтылып шығып жеңіске ие болды.
Соңғы жарыс тоқ бәйгеге 24 қатысушылар 15 қашықтыққа шапты. Алматы облысы тағы жеңіске жетті. Соңғы жарыс аламан бәйгеге Жамбыл, Алматы және Орал облыстарынан 20 аттылар қатысты. Бұл жолы да бас жүлде Алматы облысына бұйырды.
Жарыс жеңімпаздарына автокөлік кілті тапсырылып, жүлдегерлер - ақшалы сыйлықтарға ие болды.
Лента кесу рәсімі Асанәлі Әшімовқа және Бөрібек Тоғызақбаевтың жұбайы Зоя апайға тапсырылды. Содан кейін палуанның ескерткішінен ақ жамылғы алынып, гүл шоқтары қойылды.
Қазақстанның барлық облыстарынан келген палуандардың қазақша күрес турнирі өз кезегімен басталды. Осы кезде 74 жастағы желаяқ Тұрар Мысықбаевтың стадионға келгені аталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауымен фиништік арақашықтықта жүріп өтті. Содан кейін Жанатас қаласының тұрғыны, тіс дәрігері таңғы сағат бестен бастап небары он сағат ішінде 42 шақырымды марафондық дистанцияға жүгіріп өтті. Осы жетістігі үшін естелік медальмен марапатталып, шапан киді.
Жарыс кешке дейін созылып, бас жүлде «Волга-3107» Жуалы ауданының палуаны Аманғали Жартыбаевқа бұйырды.
Мерекенін соңында ауыл тұрғындары қазақстандық эстрада артистерінің гала-концертін тамашалады. Осындай көптен күткен қызықты мейрам отшашумен аяқталды.
Тау бөктерінде жатқан қарла, кең жазира далалар, жартылай және жай шөлдалалар, міне, оңтүстіктен солтүстікке дейінгі бар болғаны елу шақырымдай жерлерді өтсен болғаны осындай әсем табиғатты көре аласыз. Тян-Шан, биік шыңдар сияқты осындай өзіне еліктіргіш мәдени жерлерге жиі бара алмайтынымыз өкінішті.
Саяхатшылардың жүз елу шақтысы, оның жүз жиырмасы мектеп оқушылары өз күндерін келесі маусымның ашулуына дейін ұмытылмастай етіп атап өтті. 1992 жылдан бастап соңғы кездерге дейін жаппай туризм және балалардың қатысуымен өткізілетін іс-шаралар тек шағын энтузиасттар мен аға ұрпақтардың қаражатына ғана өткізіліп жүрді. Осы жылы сыйлықтарды ЖК ”Сейітов” – Айлары центр бизнесі мен ”Зняма труда” облыстық газеті ұсынып, қолдау көрсетті. Сенбі күні екі кезең болып өтті. Келген 16 топ шатыр құрып, ұйымдастырушылар инфрақұрылымдық қалашық жасады. Қара-Арша шатқалының көркемділігі арнайы суреттеуді қажет етеді. Шатқалдың етегінде мөлдір, таза бұлақ ағып жатыр. Оның бір жағасында жасыл шөптер, итмұрын бұталары, бәйтеректер, теректер жайқалып өсіп тұр. Лагер штабы биіктігі шамамен жиырма метр алып терек түбінде орналасқан. Алып теректің әр бұтасының биіктігі екі метрдей болады, ол бұталары өткен ғасырда жапырақ жайған, дейді машықтанған саяхатшылар. Екінші жағасында мықты терек өсіп тұр, ал олардың ортасымен мөлдір бұлақ ағып жатыр. Мөлдір таза судың астынан балдырлардың жасыл, қоңыр, күлгін, қызғылт түстес екені көрнініп тұр. Итмұрын бұталары, долана, қожақат сияқты өсімдіктер жергілікті аспазшылардың фитошайды дәмді етіп дайындау үшін таптырмайтын дүние болып табылады.
Жарысқа Тараз қаласының №7,9,13,31,38,40,41-ші мектептер, №4 облыстық балалар және жасөспірімдер мектебі”Дельфин” бассейінен 11-14, 15-16,17-20 жас аралығына бөлініп топ болып құрылды. Жалпы жарыс туристтік өлендер конкурсы, тографиялық карталарды оқи алатыны бойынша, кедергі жолағын меңгеру, туристтік тағамдарды даяндау сияқты кезеңдерден тұрды. Ол өзеннен түрлі әдістермен өту, құздардан өту сияқты түрлері болды.
Жарты топ ”аутсайдерлер” атанды, бірақ балалар да, ардагерлер де жеңіске ұмтылады.
Басты номинацияда – ”кедергі жолдарды өту” кіші топта ”Компас” орталық теххникалық шығармашылық тобы, №40 гимназия мектебі өзара орындарды бөлісті. Ал үлкен топтағы ”Форсаж”, ”Ягуар” және ”Дала қырандары” сияқты топтар №31 мектептің түлектері 3,2,1-ші орындарды жеңіп алды. Ал басқа топтар мұңаймай, келесі маусымға тек жеңіспен оралуға дайындалатын болды. Ал таудағы жиналған достар үшін бірге жиналудың өзі үлкен сыйлық.
Қаладаға қайтар жолда жарыстың туын жерге түсіру көңілдерге мұң ұялатты. Ал, артта тек әсем таулар бәсендей берді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: