Оқиғалар
7-ші қысқы Азия ойындарының эстафета дирекциясы басшысының орынбасары Сарсен Құранбек эстафетаның қанша кезеңнен тұратының, маршрутын және оның қатысушылары туралы толық мәлімет берді. Келген қонағымыз осы спорттық іс-шараға арнайы жасалған факелдерге ерекше көңіл бөлді. Оның дизайнның Алматы қаласының тұсында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған сақ дәуіріне жататын шыраққа ұқсатып істеттік. Факелдың салмағы 1700 граммды құрайды және оның бойынан әдетте олимпиадалық факелдерге пайдаланатын пластмасса компонентің алып тастадық.
Осы алау эстафетасы жобасы арқылы біздер көп қазақстандықтарды елімізде өтетің кең масштабты жарысқа жұмылдырып, Қазақстанның әр облыс орталықтарында алау отын алып өту жоспарланған болатын. Ең бірінші облыс орталығы Тараз қаласы, әсіресе жастар қалай Азияда отын қарсы алғаның көргенде, еңбегіміздің бекерге кетпегенің түсндік. Әрине, бұл қуантатың жағдай деп, Сарсен Құранбек сөзін аяқтады. Алау оты факелын бүкіл Қазақстан бойынша әуе көлігімен алып жүретің болады. Бұл жауапкершілікті еліміздің ең сенімді және қауіпсіз министрлігі, төтенше жағдайлар Министрлігі өз қолдарына алды. Егерде, ауа – райы қолайсыз болып әуе көлігіне қиындықтар туғызатын болса, алау отын алып жүретің қосымша қозғалыс түрлері қарастрылған. Және Сарсен Құрманбек, алау эстафетасы алдын ала дайындалып бекітілген графиг бойынша еш өзгеріссіз жүріп өтетінің хабарлады.
Жақында республикалық комиссияның алаугерлерді іректеу бойынша өткен мәжіліске спорт және туризмнің министрі Темірхан Досмұхамбетовтің өзі басшылық етті. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл алау эстафетасы көптеген беделді қазақстандықтар үшін көптен бері аңсаған туған өлкелеріне барып, алау отымен жүгіріп өтуге жол ашады. Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Азиаданың алау отын Роза Рымбаева алып жүреді. Қыдырали Болманов – Қарағанды облысына, Илья Ильин – Қызылорда облысына, ал Болат Жұмаділов – Жамбыл облысына. Келе жатқан Азиаданың алау отын ұстап жүгіріп өтуге құқығы тек атақты, дүние жүзіне әйгілі спортшыларға ғана емес соңымен қатар жауынгерлік және халқымыздың тыныштығын қамтамассыз етіп жүрген азаматтарға беріледі. Алау отын алып жүгіру құқығы: өрт сөндірушілерге, тәртіп сақтаушы органдарға, құтқарушыларға, мұғалімдерге және т.б. беріледі. Ұйымдастырушылар осы жобаның еліміздің спортқа деген қызығушылығын арттыратынына кәміл сенімді. Алау отын жамбылдықтар, Қазақстанның территориясы бойынша бірінші бастаған Алматылықтардан алады. Алаугерлер Тараз қаласының: Төле би, Жамбыл, Асқаров, Сүлейманов, Абай және Қонаев атты көшелер мен проспектері бойынша, Қазақстан Республикасының бірінші Президенті саябағынан орталық базарға дейін, орталық базардан Достық алаңына дейін жүгіріп өтеді. Алғашқы құрметті 200 метрді жүгіріп өту құқығы облысымыздың әкімі Қанат Алдаберген ұлы Бозымбаевқа берілді. Одан эстафетаны әлем чемпионы, кәсіби боксшы Марат Мазимбаев қабылдап алады. Обылысымыздың спортшыларының арасында алау отын алып жүгіріп өтуге келесілер белгіленді:
Бейбіт Ыстыбаев, Эльмира Айғалиева, Елдос Сметов, Нигора Нурматова, Ленария Мингазова және тағы басқалары. Осы спорт мерекесінде қатысу мүмкіндігі соңымен қатар еліміздің атақты көркемөнер иелеріне беріледі. Қысқасы, келе жатқан Алау отын 60 жамбылдықтар көтеріп өтеді. Ал кешкісін, эстафетаны көрші Оңтүстік Қазақстан облысы қабылдап алады.
Ғимараттың ішіне жас жұбайлар «Ахыска» атты түрік халқының этно-фольклорлы халықтық ансамблінің орындауындағы керемет жалынды өлеңдердің әсерімен және туысқандарының қолдауымен кірді.
Жастарды холлда, областық этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері мен басшылары және ақсақалдар қарсы алды. Құттықтаушылар арасында, Жамбыл облысындағы Қазақстан Ресбуликасының халықтар ассамблеясының меңгерушісі Надежда Нестеровада болды. Ол өз кезегінде жас жұбайларға тек бақыт пен шаттыққа толы өмір кешуге тілек білдірді. Онымен қатар, Надежда Нестерова жас күйеуге және келіншекке Достық үйіне келгені үшін үлкен алғысын білдірді. Және жастарға тазалықтың символы ретінде хрустальдан жасалған ыдыс-аяқты сыйлық ретінде берді.
Ал, өз кезегінде Джамал мен Зульфия қолдарына киіз үйден жасалған жәдігерді қолдарына алып, бақытты болу үшін және өз үйлері - Қазақстан Республикасының бірлігін одан әрі нығайту үшін қолдарынан келгенше барын салатының айтты.
Барлық командалар ереже бойынша барлық туристік құрал – саймандармен жабдықталды. Альпинизмнің элементтері қосылған басты туристік сайыстар төрт сағатқа созылды. Сонымен бірге, арнайы сурет конкурсына әр команда алдын ала дайындаған өздерінің суреттермен безендірген стендтерін ортаға шығарды. Сурет конкурсының байқауында, барлық талаптарды ережеге сай орындағаны үшін №40 орта мектебі марапатталып, сурет конкурсының жеңімпаздары атанды. Туриаданың алғашқы күнінің кешінде, туристік және патриоттық өлеңдер бойынша жарыс өтті. Бұл номинация бойынша бірінші орынды №13 мектеп алды. Туриаданың ережсіне сай, екінші күні конкурстық бағдарлама өтті. Оның ішіне: қанат тартысу, тағам әзірлеу, ең жақсы демалыс жерді әзірлеу, тарих, география пәндері бойынша және басқада эстафеталар бойынша жарыс өтті. Қанат тартысу сайысы бойынша, бірінші орынды №13 мектебінің «Факел» атты командасы жеңді. Ең дәмді тағам және бивуак бойынша сайыста, бірінші орынды №40 мектебінің «Ашық аспан» атты командасы иеленді. Тарих және география пәндері бойынша №13 мектебінің «Вагант» атты командасы жеңіп алды. Спорттық эстафета сайыстары бойынша: №13 мектебінің «Эдельвейс» командасы жеңіп шықты. Туриада қатысушыларының жетекшілері, яғни, Артюх Сергей Михайлович, Сыздықов Асланби Қазиевич, Волотько Владимир Федорович, Аллимханова Мұхаббат Алимхановна және Сабитова Хасина Қабиева құрмет грамотасымен марапатталды. Осы туриаданың 3-ші жүлделі орының №10 ДЮСШ мектебіне бұйырды. 2-ші орынды: №13 мектебінің «Вагант» командасы жеңіп алды. 1-ші орынды №31 мектебінің «Дала Бүркіттері» атты команадасы алды. Барлық жеңімпаздарына өздеріне лайықты медальдар,марапаттау қағаздары, жүлделер және Жамбыл облыстық туризм және спорт басқармасының құрмет грамоталары берілді. Осы күздік туриаданың ұйымдастырушылары: ЖШС «Алуа» және ЖШС «Жамбыл Сервис» фирмалары болып табылады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: