Оқиғалар
Шығыс Қазақстан өзінің туристік мүмкіндігі жағынан бірегей. Мұнда Азия шөлдері және Сібір таулы тайғалары кездеседі, көптеген өзендер мен көлдер мәңгі мұздықтарымен жарқыраған таулар, әмбебап ландшафтылар спектілерін туғызады.
Облыс және аудан орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында «Біздің өміріміздегі туризм» тақырыбына арналған фото сайыс, бастауыш сынып оқушылары арасында «Шығыс Қазақстан обласының табиғаты ) тақырыбына сурет сайыстары өтті.
2009 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 11:00-мен 13:00 аралығында «Жастар» саябағында ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «Меридиан» туристіқ фирмасымен бірлесіп, облыстың туристік фирмасының жарнамалық өнімдерін (туристік филиалдар ЖШС «Изумрудный Алтай», «Меридиан», «Тропикана»), Алтай қолтаңбасының керамикалық қолданбалы өнер шеберлерінің жәдігерлік өнімдерін, қайың қабығы өнімдерін, ағаштағы қолтаңбаларды, қолтаңбалы былғары бұйымдарын сату көше көрмесі ұйымдастырылды. Облыстың туристік фирмалары арасында ең жақсы «Маусым 2009» қабырға газетінен сайыс өтқізілді.
Қыркүйектің 27- де сағат 10:00 мен 11:00 арасында облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчук, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.И. Ахаев, Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы А.Б. Можановтың қатысуымен облыстын туристік саласының дамуына үлес қосқаны үшін туризм аумағының ең жақсы жұмысшылары облыс әкімінің, облыстық туризм дене шынықтыру және спорт баскармасының ардақты мақтау қағазымен, сайыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталған. Өскемен қаласының әкім аппаратының конференц залында салтанатты жиналыс өтті. Концерт бағдарламасы өтті.
Бұл сайыстарда туристік клубтар қала және облыс мектептеры мен мектептен тыс мекемелердің командалары қатысты.
Чемпионатта облыс және Өскемен қаласының 31 командасы қатысты.
Чемпионатқа қатысушылар туристік дағдыны, туризм әнін насихаттау бойынша туристік – бақылау маршрутының кедергі жолағында сайысты.
Бірінші жас тобында мектептен тыс оқу орындарының командалары мен туристік клубтар, екінші жас тобында 7-11 сынып оқушылары және үшінші жас тобында 5-7 сынып оқушылары.
Жалпы командалық сынақта жүлделі орындар төмендегідей топталды:
Мектептен тыс оқу орындары мен клубтар арасында бірінші орынды Өскемен қаласының «Ирбис» командасы, екінші орынды Семей қаласының «Геолог» командасы, үшінші орынды Семей қаласының «Геолог-1» командасы иеленді.
Оқушылар арасында - бірінші орынды Өскемен қаласының № 9 мектеп командасы, екінші - № 15 мектеп командасы, үшінші орынды - №37 мектеп командасы иеленді.
Туристік кедергі жолағы сайысында мектептен тыс оқу орындары мен клубтар арасында бірінші орынды Өскемен қаласының «Ирбис» командасы, екінші орынды Семей қаласы «Геолог» командасы, үшінші орынды Глубокий ауданының командасы иеленді.
Туризмді насихаттау және агитациялау сайысында облыс және қала клубтарымен мектептен тыс оқу орындарының арасында бірінші орынды Өскемен қаласы «Ирбис» командасы, екінші орынды – Семей қаласы «Геолог» командасы, үшінші орынды – Өскемен қаласының Қ. Нұрғалиев атындағы командасы иеленді.
Туризмді насихаттау және агитациялау сайысында оқушылар арасында бірінші орынды Өскемен қаласы №15 мектеп командасы, екінші орынды Өскемен қаласы № 9 мектеп командасы, үшінші орынды – Өскемен қаласы № 30 мектеп командасы иеленді.
Туристік ән сайысында клубтар мен мектептен тыс оқу орындары арасында бірінші Өскемен қаласы «Ирбис» командасы, екінші Семей қаласы «Геолог» командасы, үшінші орынды Қ. Нұрғалиев атында
Мерекелік бағдарлама облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың, Өскемен қаласының тұрғындары және ардагерлер қоғамдастығының Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл қоюынан басталды.
Бұл шарадан кейін Республика алаңымен еңбек мекемелері, ұйымдар ұжымдарының, оқушылар, студенттер, Шығыс Қазақстанның әкімшілік орталықтарының қоғамдық институттарының өкілдерінің салтанатты шеруі өтті. Еруге жалпы саны - 15 мыңнан астам адам қатысты. Осы алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
« Елбасымыз ұсынған және жалпы халықтан қолдау тапқан Конституция - Қазақстанның дамуында басты жол көрсеткіші болуымен қатар, қоғамдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістің, сондай-ақ, әр саладағы еліміздің жетістіктерінің негізі болды», - деді Бердібек Сапарбаев облыс орталығы тұрғындары алдындағы өз сөзінде.
Сондай-ақ, бұл күні қала тұрғындары Елбасының Астанадан құттықтау сөзін тыңдау және ҚР Конституция күніне арналған әскери парадты тікелей байланыс арқылы көру мүмкіндігіне ие болды.
Бірақ, Қала күні мен Конституция күнінде көшелер мен аулалары жөнделген тұрғындар ең көп қуанған сияқты. Себебі: дәл осы күні аталған нысандар салтанатты түрде ашылды. Жақын орналасқан үйлердің мерекелік жиынының орталығы Өтепов көшесіндегі 19-үйдің ауласы болды. Бұл жерде тұрғындарға мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Балалар болса аулада жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымның тегін таратқан тәттілеріне ерекше қуанды. Бұл ауданның төрт ауласында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Гагарин бульварында жаңарған ауламен қатар футбол алаңы да ашылды. Жаңа футбол алаңындағы қақпаға алғаш допты соғу мәртебесі облыс басшысына берілді. Айта кетерлік жайт, Өскемен қаласының 600 ауласының 38-і жөндеуден өтті. Биылғы жылы 300 ауланы жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған.
Жөндеуден кейін бірінші болып Гагарин бульварының бойымен жүрген таң қалған жүргізушіге сыйлық, осында алғашқы қадамдарын жасаған кішкентай Еркебұланға жұмсақ ойыншық пен тәтті-дәмділер беріліп, сәбидің тұсауын кесу рәсімін жасалды. Міне, жаңарған бульвардың салтанатты ашылуы осылай өтті.
Мереке күні Защита шағын ауданының тұрғындарын «Локомотив» стадионы айқара ашық есіктерімен қарсы алды. Бұл жерде баскетбол мен жағажай волейболының алаңдары жасақталған, футбол алаңқайы тазартылған, шешінетін орындар мен душ кабиналары салынған. 1936 жылы салынған «Локомотив» соңғы он жылдықта стадионға мүлдем ұқсамайтын. Облыс әкімі ғимаратты қайта жаңарту «жол картасы» бағдарламасының арқасында ғана жүзеге асқанын басып айтты. Бұл мақсатқа біздің аумаққа 16 млн. теңге бөлінген. Бердібек Сапарбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ басшылығына келесі футбол маусымына жасанды жабыны бар алаңқай жасау туралы өтініш білдірді. Аумақ басшысының бұл бастамасын Защита шағын ауданының тұрғындары зор қошеметпен қолдады.
Өткізілген нысандарды қарап жүріп: «Ең бастысы, жасалған нәрселерге ұқыптылықпен қарау керек. Жаңа нысандарды таза ұстап, өз меншігіміздей қолданылуын қадағалау қажет», - деді облыс әкімі.
Ертіс көпірі аумағындағы кешкі бағдарлама қалалықтар үшін қос мерекенің шарықтау шегі болды. Мұнда «Кішкентай сал үстінде» атты мерекелік шоу ұйымдастырылды. Көрермендер селт етпестен бір топ паршютистердің әуеде асқан ептілікпен жасаған айла-әрекеттерін тамашалады. Ал , бұл кезде қала үстінде Қазақстан Республикасының алып көк байрағы желбіреп тұрды. Парашютистердің құрметіне көрсетілген қошемет басылмай жатып өзенде мотор шуы естілді де, жаға жақтан көрермендердің таңқалған дауыстары шықты. Бұл – катер мен скутерлердің көріністері басталғанның белгісі еді. Алып күшті машиналар адам ойына келмейтін қозғалыстар көрсете бастады. Олардың ізінше атақты жерлес спортшылар каноэ мен байдарканы басқару шеберліктерін ортаға салды. Ұлттық нақыштар, өткен жыл әуендері, қазіргі заман музыкасы үш сағат бойы Ертіс жағасында жиналған қалалықтардың көңіл күйлерін көтерді. Мереке таңғажайып отшашумен аяқталды. Аспандағы дәстүрлі салют пен Ертіс көпіріндегі отты жаңбыр бұл сәттің салтанаттылығын арттыра түсті.
Қалалықтарды Ертіс жағалауының бойындағы интернационал-жауынгерлер ескерткішінің артқы жағына орнатқан жергілікті кәсіпкерлердің сыйлығы – су бұрқағы ерекше қуантты. Оған 4 сорап орнатылған, құбырлардың бойы – 170 метр, диаметрі – 219 мм. Оның аралығы – 40 метр. Бұрқақты салу, жобаны құру, қаржыландыру және жиналған қаражаттың ұсталуын бақылауды өскемендіктер өз қолдарына алды. Жобаның жалпы құны – 37 миллион теңгені құрады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: