Оқиғалар
28.04.2012 - 29.04.2012
Танымал кәсіпкер Сағат ТҮГЕЛБАЕВТЫҢ «Мекен» шаруа қожалығының базасында аңшылық құруға арналған демалыс орны ашылды.
Демалыс базасы шамамен Атырау-Орал тас жолынан 15 шақырым жерде жолдан сол жаққа Сарыөзекке қарай орналасқан. Аң аулауға құмар жандар үшін бұл жерде аңшы үйі, атқора, итқора, квадроциклдар, батпақпен жүретін машиналар және қырғауыл фермасы бар. Мұнда өз қаруыңызбен және итіңізбен келуге болады, егер жоқ болса, онда оның бәрі сол жерден табылады.
29.03.2012
Кеше, 29 наурызда Теміртау қаласында жергілікті «Арыстан» хоккей командасы атыраулық «Бейбарыс» командасын қарсы алды. Бұл кездесуде «Бейбарыс» кезекті төртінші жеңісті тойлап, Қазақстан чемпионатының финалына аттап шықты.
24.03.2012 - 07.04.2012
19 наурызда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының бастығы Марат ӘБДІРАХМАН ата үйректерге көктемгі аңшылық маусымының осы жылдың наурыз айының 27-нен 7 сәуірге дейін ашылғандығы туралы бұйрыққа қол қойды.
24.03.2012 - 25.03.2012
«Ақ Жайық» газетінің жүлдесі үшін ұйымдастырылатын дәстүрлі «Алтын сақа» ойыны әдеттегідей Ұлыстың ұлы күні өз ойыншылары мен жанкүйерлерін жинады.
03.03.2012 - 04.03.2012
«Бейбарыс» хоккей клубы – облыс намысын абыроймен қорғап, жұртшылықты үнемі қуантып келе жатқан команда.
24.02.2012 - 26.02.2012
Астана қаласында өткен доппен ойнау хоккейден республикалық ашық турнирде әйелдер құрама командасы бірінші орынды жеңіп алды. Төртінші орынға облысымыздың ерлер командасы орнақталды.
Атырау облысы «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ҚБ-ң ұйымдастырумен өткізілетін жарыстарға белсенді қатысып келеді. Бұл жарыста Ресей және басқа елдерден барлығы 14 команда қатысты.
13.02.2012 - 15.02.2012
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» жастар мәдени-спорт кешенінде «Ректор кубогі үшін» профессор-оқытушылар арасындағы дәстүрлі 60-шы спартакиада өтті.
03.02.2012 - 05.02.2012
Өткен жұма күні Атырауға келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірінші наиб-мүфтиі Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, облыстың жаңа бас имамы Амантай САДИЕВТІ таныстырды.
23.12.2011
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы - 20 жұлдызды күн» шеңберінде «Білім» тақырыптық күні аясында «Біз - қуатты Қазақстан үшін!» атты мектеп оқушыларының облыстық форумы өтті.




