Жол көрсеткіш /
Талдықорған /
Оқиғалар
Оқиғалар
"ПУШКИН ЖАЗЫ" ФЕСТИВАЛІ
Фестивалдің ашылу салтанатына Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы, Қазақстандағы Ресей Федерацииясының бас консулы Завьялов Виктор Алексеевич, Қазақстандағы Ресейлік шетелдік орталығының өкілі Переверзева Ирина Владимировна және басқалар қатысып, сөз сөйледі.
Фестивалға Орта Азия елдерінен: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 6 командадан тұратын 12 мен 16 жас аралығындағы 92 бала төрт номинация бойынша (командалық визитка, «көркемсөз» оқу, А.С. Пушкиннің «Капитанская дочка» романы бойынша викторина, театрландырылған қойылым) сынға түсті.
Фестиваль қортындысы бойынша барлық команда І-ші орынға лайық деп танылып, «Достық жеңді» деген қазылар алқасының шешімі қабылданды. Қатысушылардың барлығы диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әрбір халықтың жан-дүниесінің тазалығын, сезімінің мөлдірлігін, еңсесінің биіктігін, жанының жомарттығын бір танытса жастары танытатыны бұлтартпас шындық. Жетісу жерінің әсем өңірлерінің бірі Іле Алатауындағы Маралсайда өткен «Пушкин жазы» Халықаралық балалар фестивалі соның дәлелі.
Жаңа нысандар таныстырылды
Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында жалпы құны 8,1 млрд. теңге болатын 8 жоба пайдалануға беріледі (2010 жылы құны 18,3 млрд. теңге болатын он жоба іске қосылды).
2011 жылдың алғашқы жартысында 5 жоба іске қосылады:
1. Талғар ауданында - «Байсерке Агро» ЖШС сүт өңдеу зауыты;
2. Талғар ауданында - жүк көліктері мен автобустар құрастыратын «Hуundai» зауыты;
3. Іле ауданында – профилді құбыр шығаратын «Компания «Sonіk»;
4. Іле ауданында - асфальт шығаратын «ЮрИнвСтрой»;
5. Іле ауданында - премикстер мен концентраттар өндіретін «Кормовик-Евротехнология» зауыты;
2011 жылдың екінші жартыжылдығында 3 жоба іске қосылады:
1. Талғар ауданында - «Байсерке Агро» ЖШС ет өңдеу кешені;
2. Текеліде - 3,65 га аумақтағы "Green House – жасыл үй" жылыжайы;
3. Талдықорған қаласында – «Қайнар АКБ» зауытында бұрын Қазақстанда шығарылмаған индустриялды қорғасынды-қышқылды аккумулятор батареялары өндіріле бастайды.
Сонымен қатар облыс аумағында республикалық ведомствалар мен ұлттық компаниялар жауап беретін жалпы құны 207,3 млрд. теңге болатын екі жоба іске қосылады (Мойнақ ГЭС-і, «Жетіген-Қорғас» теміржолы). Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында үш мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады.
Ақындар шықты айтысқа
Оны Алматы облыстық мәдениет басқармасының бастығы Рахмет Есдәулетов пен Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Жандарбек Далабаев ашып, ақындарға жыр сайысында сәттілік тіледі. Жамбылдың немересі, Қазақстанның халық ақыны Жамбылов Әлімқұл қария ақ батасын берді.
Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектеп-интернатының директоры, дәстүрлі әнші Ақан Әбдуәлиев жүргізушілік міндетіне сай қазылар алқасымен таныстырды. Олардың қатарында сөз өнерінің өрнегін жіті саралайтын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, қазылар алқасының төрағасы Өмірзақ Айтбайұлы, белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ-ның президенті, филология ғылымдарының докторы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Бауыржан Жақып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жүрсін Ерман, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы Жұмабай Шаштайұлы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Жамбыл» журналының бас редакторы, жазушы Несіпбек Дәутайұлы және басқалары бар еді.
Алатау, Алтай, Атыраудың арасында арда өскен еліміз бар. Осынау ұшқан құстың қанаты талар жазира қазақ даласы ежелден сөз саңлақтарының атамекені. Үш қырлы үшкіл найзадай өткір, алдаспан қылыштай асыл, жебедей жылдам сөз сіңген елдің ешкімге дес бермейтін төл өнері – айтыс. Атадан қалған дәстүрге сай, не айтса да астарлап жеткізетін санасы сұңғыла ақындар әлемде қазақтан басқа еш халықтың пешенесіне бұйырмаған суырып салма сөз сайысында екі күн бойы ел-жұртын алқалай көтермелеп, ардалай сөйледі. Өзара бәсекеде әдемі әзілге тапқыр тойтарыс бере білді. Сұлу сөздің сан түрлі иірімдеріне ілінбей жүзген олар бүгінгі айтыстың қаншалықты деңгейге көтерілгенін аңдатты. Сүйікті Отанның тәуелсіздігіне тәубе етті, Жамбылдай жүз жасаған жыр бәйтерегінің мәуелі жемісінен нәр татты, ел ерендерін тілге тиек етті, адамгершілік пен адалдықтың ақ туын жоғары көтере әспеттеді.
Нәтижесінде ынталандыру сыйлығына Атырау облысынан келген Серік Қойшығұлов пен Нұрболат Нұғыманов, Жамбыл облысының намысын қорғаған Есет Досалы, алматылықтар Рүстем Қайыртай мен Айсәуле Бейсехан, шымкенттік Кәрима Оралова, Алматы облысының Қуаныш Жанәділ, Әбдіғани Бәзілхан, Айбек Ережеп сынды үш ақыны ие болды.
Сөз шеберлерінің бір тобына атақты ақындар атындағы арнайы жүлделер тағайындалды. Мәселен, Доспамбет жырау атындағы сыйлық семейлік Ринат Заитовқа, Оразалы Досбосынов атындағы жүлде Алматы облысынан келген Бақыт Жағыпарға, Қазақстанның халық ақыны Әсімхан Қосбасаров атындағы жүлде Қызылорда облысынан келген Мұхтар Ниязовқа, балқаштық дүлдүл ақын Балтағұл Бигелдиев атындағы жүлде Шығыс Қазақстан облысынан келген Әсем Ережеқызына, Алатаудың бұлбұлы атанған даңқты композитор, әрі ақын Кенен Әзірбаев атындағы жүлде Ақтөбе қаласынан келген Төреғали Әлиханға, ақын Темірғали Рүстембеков атындағы жүлде Қарағанды облысынан келген Мақсат Ақановқа, Жандарбек Бегімбетов атындағы жүлде Алматы қаласының атынан айтысқан
"Алтын белгі" тапсырылды
«Өркениеттің шынайы белгісі – мемлекеттің тәрбиелеп шығарған азаматы» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, сіздер білім нәрінен сусындатқан ұстаздарың мен аялап өсірген ата-аналарыңның үкілі үмітін ақтадыңыздар. Жүзден жүйрік атанып, «Алтын белгіге» ие болу – Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасаған сіздердің ең үлкен сыйларыңыз», - деді облыс әкімі Аңсар Мұсаханов өз құттықтауында.
Елбасы тапсырмасына сәйкес мектеп оқушыларына сапалы білім, өнегелі тәрбие беру үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Жаңа мектептер салынып, осы заманғы озық технологиялармен, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Ұстаздарды әлеуметтік жағынан қолдау шаралары да жүзеге асырылуда.
Соның нәтижесінде озат оқушылар республикалық, халықаралық сайыстарда жеңіс биігінен көрініп келеді. Биыл олар әлемнің әр түкпірінен 154 медаль алып қайтты. Сол табыстарды «Алтын белгіге» ие болған 330 (62,7 %) (2010 ж. - 267) ұл-қызымыз еселеді.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары өткен жылғы деңгейден жоғары. Ал, Жамбыл ауданындағы Әсет Бейсеуов атындағы мектептің түлегі – Нұрдаулет Абилов, Талдықорған қаласындағы № 5 М. Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің түлегі Анель Еженова ең жоғарғы 125 балл алды.
ДӘРІГЕРДІҢ ДӘРМЕНІ ДЕ, ПӘРМЕНІ ДЕ АРТАДЫ
Осы күні денсаулық нысандары арасында өткізілген байқаудың қорытындысы шығарылып, орталық аудандық емхана, қалалық емхана, ауылдық амбулатория, ауылдық аурухана, медициналық пункттер арасында үздіктер анықталды. Жеңімпаздарға 100-150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар Алматы облысының үздік дәрігері атанған Талдықорған қалалық ауруханасының дәрігері Динара Нүсіповаға облыс орталығынан 2 бөлмелі пәтер кілті тапсырылды. Басқа да медицина мамандары облыс басшысының Алғыс хатымен, облыс әкімінің және Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жалпы Алматы облысында күніне 1 төсек орынға берілетін қаражат та жылдан жылға ұлғайып келеді. Бір емделушіге жұмсалатын қаржы 2005 жылы 6756 теңге болса, 2011 жылы 21 мың теңгеден асты. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Еңбекшіқазақ және Алакөл аудандық, Достық ауылдық ауруханалары пайдалануға берілсе, Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі балалар аймақтық және Талғар аудандық орталық ауруханаларының құрылысы аяқталды, енді іске қосылады. Сонымен қатар Балқаш ауданындағы туберкулез ауруханасы осы жылдың екінші жартысында іске қосылады.
Соңғы екі жылда облыстық ауруханада санитарлық авиация бөлімдері, Талдықорған қаласында әйелдер консультациясы, балалар емханасы және кардиохирургия бөлімі ашылды.
Денсаулық саласының нысандарына да «Жол картасаның» шапаты тиіп, ос бағдарламасы аясында 2010 жылы 15 емдеу нысаны 640,0 млн. теңгеге жөндеуден өткізіліп, 2,8 млрд. теңгеге құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгені біраз күрмеулі мәселенің шешілуіне ықпал етті.
Облыс тұрғындарына ем көрсетуде жаңа заман талаптарына сай құрылғылармен жабдықталуына көп мән берілуде. Қазір облыста 3 компьютерлік томограф, 8 маммограф, 14 телемедицина орталықтары жұмыс жасаса, 530 млн. теңгеге магнитті-резонанстық томограф сатып алынып, іске қосылмақ.
Медицина саласындағы кадр мәселесі еліміздің барлық аймақтарында туындап отырған ортақ мәселе. Оны әр аймақ өзінше шгешуге талпыныс жасауда. Мәселен, Алматы облысында кадрларды тұрақтандыру және жас мамандарды қолдау мақсатында оларға пәтер беру, тұрғын үй салуға жер телімдерін бөлу, көтерме жолақы басқа да көмек көрсетуде едәуір жұмыстар жүргізілді. Өткен жылы жұмысқа орналасқан 73 жас маманның 19-ы жеке пәтер, 22-сіне жер телімі берілді.
Медицина мамандарының жетіспеушілік мәселесін шешу мақсатында биылғы жылы Алматы медициналық университетімен келісімшарт жасалып, облысымызға 114 және де Семей медициналық академиясынан 30 жас маман жұмысқа тартылып отыр. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табатын болады. Сондай-ақ қазіргі таңда медициналық жоғарғы оқу орындарына облыс әкімінің гранттарымен 70 студент білім алуда. Олар да күні ертең жетісу жұртшылығына қызмет етеді деп күтілуде.
Ауылдық жерлерде еңбек ететін медицина қызметкерлеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге 2007 жылы 27,7 млн. теңге үстемақы төленсе, 2011 жылы 44,1 млн. теңге бөлінбек.
Жетісу өңірінде дәрігерлер қауымына деген жанды көмек пен жан-жақты қолдау жалғаса беретін болады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар