Жол көрсеткіш /
Талдықорған /
Оқиғалар
Оқиғалар
Ақынын елі Ардақтады
М.Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған шаралар Алматы мен талдықорған өңірлерін ныққан мәртебелі қонақтарды Кеген асуында қарсы алудан басталды. Осы жерде Райымбек батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағзым нткеннен кейін меймандар ақын жырларына арқау болған Қарасаз ауылына ат басын тіреп тоқтаған.Түстен кейін тойға жиналған қауым М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден республикалық байқау өтті.Мұқағалидан қалған мол мұра әліде болса зерттеуді, зерлеуді қажет ететіні ақиқат. Қарасаз ауылдық Мәдениет үйінде өткен М.Мақатаевтың тұғанына 80 жыл толуйына арналған ғылыми конференция өткізілді.М.Мақатаевтың 80 жылдығына үлкен сахнада салтанатты ашылу рісімі өтті.уанышқа жиналған қалың халық мерекелік концертің куәгері болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Туризм есірткіге қарсы» ұранымен тау және жаяу туризм бойынша «Жоңғария» ашық республикалық туриадасы
Туриаданың басты мақсаты жастрады спорттық туризмге тарту, табиғаттқа деген қызығушылықты арттыру,Жоңғар Алатауының баурауында жаңа бағыттарды әзірлеу және экологиялық туризмді дамыту мақсатында өткен ісшаралардың бірі.. Туриада 15-30 шілде аралығында Жоңғар Алатауының жотасында өткізілуде. Маршрут Қора өзені, Барқанбұлақ сарқырамасынан басталды. Туриадаға қатысуға Қазақстанның қалалары мен облыстарынан 9 команда, сондай-ақ 44 адамнан тұратын Мәскеудің 2 тобы, Томскіден 12 адам, Новосибирскіден 6 адам, Киевтен 10 адам өтініш білдірді. Жалпы туриадаға 100 жуық адам қатысты.
Алматы облысы «Хан Тәңірі» шыңын бағындыру халықаралық альпинидаға қатысады
Альпинизмжән құзға өрмелеу федерациасының Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған Хантәңірі шыңын бағындыру халықаралық альпиниадасын өткізеді.осыған байланысты, Алматы облысының атынан Сапронов Константин қатысуда.Сапронов Константин Алмаы облысы , Іле ауданы, "Альпийская роза " атты туристік клубтың жетекші.Спорттық туризм Федерациасының мүшесі,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген нұсқаушысы төс белгісінің иегері.
Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов:«АЛДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС КҮТІП ТҰР»
- Шынымды айтсам, қарбалас жұмыспен жүріп, жүз күннің қалай өтіп кеткенін байқамай да қалдым. Маған үлкен сенім мен жауапкершілік артылды, яғни еліміздің ең ірі әрі маңызды өңірлерінің бірі Алматы облысын басқару сеніп тапсырылды. Жетісу өлкесі - өзінің бай табиғатымен Қазақстанның жерұйығына айналған, қайраткер тұлғаларымен танылған өңір. Алматы облысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кіндік қаны тамған жер. Бұл, әрине, маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан менің негізгі мақсатым – осы сенім үдесінен шығып, халыққа адал қызмет ету.
- Аудан, қала әкімдеріне, облыстық құрылымдар басшыларына қандай міндеттер жүктеп отырсыз?
- Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған, «Қазақстан - 2030» Стратегиясында, мемлекеттік бағдарламаларда, Үкімет қаулыларында көрсетілген тапсырмалардың бәрі барлық деңгейдегі әкімдерге бірдей жүктеледі. Бұл тұрғыда тұрғындардың тұрмыс деңгейін тұрақты көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздықты азайту, көмекке мұқтаж жандарға, әсіресе, біздің зейнеткер қарияларымызға толыққанды әлеуметтік қолдау көрсету, білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, спорт пен туризмді, мәдениетті дамытуға көңіл бөлу сияқты бірқатар маңызды міндеттерді атап өтуге болады. Біздің ортақ мақсатымыз – Президенттің барлық тапсырмаларын іс жүзіне асыру, нәтиже шығару, оған бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.
- Өткен мерзім ішінде кезек күттірмейтін негізгі мәселелерді айқындап, алдағы қызметіңіздің басым бағыттарын бағамдаған боларсыз?
- Әрине, қызметке кіріскен сәттен қолға алған алғашқы ісім де сол болды. Туындаған проблеманы толық түсініп, меңгеріп алмай оны шешу мүмкін емес. Күрделі мәселелер қашанда болады, соның ішінде біздің облыста да бар. Сондықтан ең алдымен аймақтардағы жағдайларды өз көзіммен көріп, танысу үшін облыстың бірқатар аудандарына жұмыс сапарымен барып қайттым.
Күрмеуі шешілмеген проблемалардың қатарында ауылдық жерлерді ауыз сумен, үздіксіз электр жарығымен, балабақшамен, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бар, автокөлік жолдарының нашарлығы туралы да шағым көп түседі. Сондықтан осы мәселелерге ерекше назар аудару қажет деп есептеймін.
Облыс дамуының басым бағыттары туралы айтатын болсақ, ең алдымен, әрине, ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, өңірді үдемелі индустриялды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, табиғаты тамсандыратын Жетісу өлкесінің туризмін өркендетуге де айрықша көңіл бөлінбек.
- Жетісу – аграрлы аймақ. Сондықтан ауыл шаруашылығына жете көңіл бөлінетінін айттыңыз. Жуық жылдарда бұл салада қандай нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отырсыздар?
- Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде облыстың ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жылдан жылға жиналған өнім көрсеткіші өсіп, еңбек өнімділігі арта түсуде, мал басы, құс саны көбеюде. Сандық көрсеткіштерді тізбелемей-ақ қояйын, дегенмен өңірде азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаларды атап өтуге болады.
Солардың бірі - Елбасының тапсырмасына сәйкес қолға алынып отырған Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін құру. Осы тапсырмаға орай үш жылға жуық уақыттың ішінде қала маңында 20 жоба іске қосылса, құны 29 млрд. теңге болатын тағы 28 жоба қазір жүзеге асырылу үстінде. Бұл жобалар сүт және ет өнімдерін, кондитерлік өнімдер шығаратын, майлы дақылдарды өңдейтін кәсіпорындар ашуға бағытталған.
Алматы қаласы мен облысы тұрғындарын жыл бойы көкөніспен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі жылыжайлар мен көкөніс сақтау қоймаларын салу арқылы шешілуде. Облыста бүгінгі күні 456 жылыжай жұмыс істейді. Оған қоса 106 жылыжайдың құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Қазір мал тұқымын асылдандыруға көп көңіл бөліп отырмыз. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде етті бағыттағы ірі қара малын өсіруге ден қойылып, ірі қара етін экспорттау әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі күнге жобаның 813 қатысушысы белгіленді. Оларда 43,6 мың аналық бас ірі қара бар.
Бұл жобаны жүзеге асырудың жарқын үлгісін жасадық деуге болады. Мәселен, Балқаш ауданындағы «Динар Ранчо» ЖШС асыл тұқымды шаруашылығы 1350 бас канадалық Герефорд тұқымын сатып алды. Және шаруашылық тағы осынша бас қазақтың ақ бас сиырларын өсіріп отыр.
Мал шаруашылығын дамыту мәселесі де басты назарда. Қазір мал басы көбейіп, ұсақ шаруашылықтар ірілендіріліп жатқан шақта туындаған мәселелерді бірігіп шешу, арнайы ауыл шаруашылық алаңдарында тәжірибе алмасу - керек үрдіс. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы жекеменшікке көшу кезеңінде, әркім өзінің шағын шаруашылығының жайын ойлап кеткен шақта үзіліп қалған малшылар слетін өткізу дәстүрін қайта жаңғыртудың мерзімі туды деп есептейміз. Жайылымның жағдайын, малшылардың тыныс-тіршілігін, қандай жетістігі, қандай мәселелері бар екенін көзімізбен көрейік деп мұндай слеттерді әкімдіктерде емес, жайлауда ұйымдастырып жүрміз. Бұл шараның тағы бір көздегені – мал бағудың жақсы мамандық екенін насихаттау, бұл кәсіптің мәртебесін көтеру, төрт түлікті түлету атадан балаға мұра болатындай жаңа малшылар әулетін қалыптастыруға мұрындық болу.
ТЕКЕЛІДЕ ТЫҢ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ
Зауыт құрылысын жүргізу барысында көптеген мердігер компаниялар мен құрылысшылар жұмысқа тартылса, өндіріс пайдалануға берілген кезде мұнда 300 адам еңбек ететін болады. Құны 170 млн. АҚШ доллары тұратын жобаны Thyssen Krupp компаниясы қаржыландырмақ.
Текелі қаласының әкімі Серікжан Бескмпіровтің хабарлауынша, зауыттың өндірістік қуаты жылына 30 мың тонн электролиттік металл марганецтерін шығаруға жеткілікті. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін еліміздің қазынасына құятын салық мөлшерін Текелі қаласы 3 млн. АҚШ долларына арттыратын болады деп күтілуде.
Негізгі өндіріспен қатар қуаттылығы 500 Мвт ТЭЦ құрылысы жүргізілетін болады. Құны 80 млн. АҚШ доллары болатын бұл жоба Текелінің жылу энергиясына деген қажеттілігін қанағаттандырмақ. Сондай-ақ Талдықорған қаласының тұтынушыларына қызмет көрсететін екінші ТЭЦ салу да жоспарда бар.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар