Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
2011 жылғы 1 қазан күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында «Қазақстан бокс Федерациясының Кубогы үшін» Алматы облысы және Астана қаласы командалары арасында жарыс өтеді. Жарыстың салтанатты ашылуы «Жастар» Спорт сарайында 2011 жылғы 1 қазан күні сағат 15.00-де. Ұйымдастыру комитеті
Алматы облысының Талдықорған қаласындағы «Жаңа Қаратал» шағын ауданында жабық теннис кортының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс облыстық бюджет қаражаты есебінен Елбасы Жолдауындағы басым міндеттердің бірі – 30 пайыз қазақстандықтарды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаны әзірлеуші «Арлан Жоба Құрылыс» ЖШС. Теннис корты төрт ойын алаңдарынан және екі бөліктен тұратын негізгі ғимараттан: екі қабатты әкімшілік ғимараты мен жабық теннис кортынан тұрады. Бүгінгі күні «Арлан Жоба Құрылыс» ЖШС бөлінген 458,4 млн.теңгенің 80 пайызын игерді. Құрылыста отандық және шетелдік құрылыс материалдары қолданылуда.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|