Оқиғалар
Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің директоры Жамал Баймадиева балалар үйінің түлектеріне тұрғын үй беру мәселесіне көмек көрсетуді сұрады. Директор қабылдаудан кейін Талдықорған қаласында 50 пәтерлік жатақхананың ескі ғимараты жөндеуден өткізіліп жатқанынын айтқан облыс әкімі соның бірнеше пәтерін балалар үйінің түлектеріне беруге уәде бергенін айтты. Талғар ауданы, Нұра ауылының тұрғыны Әзімжан Нұрібілов Қараторған ауылына бастауыш мектеп салынса деген өтінішін айтты. Алайда, ауылда мектеп жасындағы небары 58 бала ғана бар екен. Бастауыш мектеп салу үшін норматив бойынша оның саны 80-нен асуы тиіс екен. Облыс әкімі мектеп жасындағы балалар саны тиісті деңгейге жеткенде мектептің құрылысын жүргізу мәселесі шешімін табатынын айтты.
Облыстық аурухананың неврология бөлімінің меңгерушісі Салтанат Мықтыбаева ауруханадан инсультпен ауыратындар үшін арнайы бөлім ашу туралы ұсынысын жеткізді. Қазіргі кезде бұл сырқаттар неврология бөліміне орналастырылады екен. Облыс әкімі биылғы жылы облыстық ауруханадан аталмыш сырқаттар үшін 30 төсектік бөлім ашылатынын айтты.
Ескелді ауданы, Байысов ауылының тұрғыны, көп балалы ана Надежда Климачева жұмыс табуына және жаңа тұрғын үймен қамтуға көмек сұрады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес көп балалы анаға «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс қарастырылып, өтініш иесінің ескі үйін комиссиялы түрде қаралатын болды. Егер тұрғын үй апатты деп есептелетін болса, Төтенше жағдайлар желісі бойынша жаңа үй тұрғызуға көмектесу қажеттігін ескертті. Партия филиалы төрағасының қабылдауына келген «Даму» АҚ төрағасының орынбасары Серік Қарабаев. Іле ауданын газдандыруға көмек сұрады. «Бұл мәселе шешілсе, «Даму» логистикалық кешені аумағында жаңа кәсіпорындардың көбеюіне өз септігін тигізер еді», - деді өтініш иесі. Облыс әкімінің айтуынша, жақын арада құны 6,3 млрд. теңге болатын «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталады, сол уақытта бұл мәселе шешімін табатын болады.
2012 жылдағы жұмыстардың қорытындылары облыстың экономикалық дамуының ел Президентімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясындағы таңдалып алынған бағыттарының дұрыстығын көрсетті.
Бүгінгі күні Жолдауда 2012 жылға белгіленіп, жоспарланған шаралардың барлығы орындалды, облыста экономика салалары дамуының жағымды қарқыны сақталды дегенді сеніммен айтуға болады.
Былтырғы 5 наурызда өткен облыс әкімінің есебінде 12 ұсыныс айтылған еді. Оларды орындау үшін тиісті шаралардың жоспарлары жасалды және бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша барлық 12 ұсыныс түгелімен жүзеге асырылды. Осыған орай бірнеше мысыл келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданының Қайназар ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеу 2012 жылдың мамырында басталып, сол жылдың желтоқсанында аяқталды. Республикалық бюджеттен бөлінген 89,2 миллион теңге толығымен игерілді. Балқаш ауданының Бақанас ауылындағы мал өлексесін көметін орынды жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 1,4 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылының жолын жөндеуге республикалық бюджеттен 15 миллион теңге бөлінді. Жолдың 5,7 мың шаршы метрден астамына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылына апаратын кірме жолдардың 19 шақырымын күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен 30 миллион теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары 2012 жылдың мамырында басталып, шілдесінде аяқталды.
Алакөл ауданындағы ВМК-2 және ВМК-4 магистралдық суландыру каналдарын жөндеуге облыстық бюджеттен 180 миллион теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары өткен жылдың қарашасында толығымен бітті.
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2012 жылы Көксу ауданындағы Мұқыры ауылының су құбырлары желісін жөндеу және қайта құрастыруға облыстық бюджеттен 129,7 млн. теңге бөлінді. Нысанның құрылысы 2012 жылдың желтоқсанында аяқталып, сумен қамтамасыз ету жүйесі пайдалануға тапсырылды.
Аудандар мен қалалар әкімдерінің есептерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша шаралар жоспарына 409 бөлім енгізілсе, олардың ішіндегі жүзеге асыру мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін деп белгіленген 386 ескерту мен ұсыныстың 370-і немесе (96,0%) орындалды. Қаражаттың жоқтығына байланысты қалған мәселелерді шешу мерзімдері кейінге шегеріліп, олар жұмысшы бақылауына алынды.
Дегенмен, бірқатар аудандарда жоспарланған шаралардың орындалу пайызы облыстық орташа көрсеткіштен төмен. Бұл бірінші кезекте жекелеген аймақтар әкімдері тарапынан бақылаудың нашарлауына байланысты. Аталған көрсеткіш Сарқан (74,0%), Райымбек (80,0%), Кербұлақ (92,0%), Ақсу (92,0%) аудандарында барынша төмен.
Ауылдық, кенттік округтердің және аудандық бағыныстағы қалалар әкімдерінің есептік кездесулерінде айтылған ұсыныстар бойынша да тура осындай жағдай қалыптасқан. Аталған кездесулерде 812 ескертулер мен ұсыныстар айтылып, 747 бойынша орындалу мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтары болып белгіленгенімен, олардың 698 (93,0%) ғана жүзеге асырылған. Ең төменгі көрсеткіш Қаратал (67,0%), Сарқан (76,0%), Жамбыл (81,0%), Еңбекшіқазақ (85,0%), Райымбек (92,0%) аудандарында.
Жалпы Алматы облысы - табиғи ресурстарға бай, инвестиция тартуға қолайлы аймақ.
Форумда сөз алған Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов облыстың инвестициялық мүмкіндіктерінің бірнеше бағытын атап өтті. Ең бірінші, облыстың трансшекаралық өңірде орналасуына байланысты мүмкіндіктер. Бұл ретте «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі, «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы, Елбасының Жарлығына сәйкес «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ құру жобаларын дамыту транзиттік жүк тасымалдау, көліктік-логистикалық кешендерді, инженерлік-техникалық инфрақұрылымдарды, өндірістік-өнеркәсіп аймағын, сондай-ақ жаңа тұрғын үй аймағы мен жұмыс орындарының құрылуына зор үлес қоспақ.
Екіншіден, экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру, яғни индустриалдық аймақтарды құру мен дамыту. Олардың қатарында Қапшағайдағы «Арна», Іле ауданындағы «Боралдай», облыс орталығындағы «Талдықорған» индустриялды аймақтары бар. Сол сияқты Алматы қаласының 4 серіктес қаласы Джи-Фо-Сити құрылысы экономиканың түрлі салаларында жаңа жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Аңсар Тұрсынханұлы ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынын арттыру мен өнімдерді тереңнен қайта өңдеуді облыстың басым бағыттарының бірі ретінде атап көрсетіп, бұл Алматы қаласының маңындағы азық-түлік белдеуі аясында келешекте аймақаралық кооперацияны одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты.
Сол сияқты туризм саласында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының шеңберінде «Жібек Жолы» әлемдік брендін қайта өркендету, Қапшағай демалыс аймағындағы «Жаңа-Іле» халықаралық туристік орталығының құрылысы, Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауында инфрақұрылымы дамыған туристік аймақ құру, Қаскелең және Текелі қалаларының маңайында тау-шаңғы кешендерін құру жоспарланған.
«Электр энергетикасының әлеуетін тиімді пайдалану аймақтың индустриалдық-инновациялық даму резерві болмақ.
Мойнақ ГЭС-і (300 МВт), қуаттылығы 269 МВт 23 шағын ГЭС, Жоңғар қақпасының ауданында және Шелек жел дәлізінде қуаттылығы 5-тен 300 МВт-қа дейінгі жел станциясы қуаттылығы 1320 МВт Балқаш ТЭС құрылысын жүзеге асыру есебінен 2016 жылға дейін өз өнімдеріміздің тапшылығын жабуды жоспарлап отырмыз», - деді өз сөзінде өңір басшысы Аңсар Мұсаханов.
Форумда облыс экономикасының индустрия, энергетика, көлік және логистика, туризм, агроөнеркәсіп кешені сияқты негізгі салалары топтастырылды. Басқосуға қатысушылардың ұсынылған инвестициялық жобалармен танысып, оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін айқындауға жағдай жасалды.
Форум қорытындысы бойынша әлеуетті инвесторлар жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге жуық жобаларға қатысты құжаттарға қол қойды. Олардың қатарында Мәскеу қаласының МРТ компаниясының Қапшағай қаласында шағын ұшақтар құрастыратын кәсіпорыны, «КазГидротехэнегрго» ЖШС-ның Райымбек ауданы Шелек өзеніндегі ГЭС каскадының құрылысы, «Терра Нова» ЖШС-ның алкогольсіз сусындар шығаратын кәсіпорны, Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек жел дәлізінде «СамұрықЭнегро» АҚ мен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен жел электр стансасының құрылысы, «Алина Про- Лесная сказка» туристік базасын құру және т.б. бар. Барлық жобалар саны 20-дан астам.
Форумды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Алматы облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы және «PR Agency Business Promotion» ЖШС.
Салтанатты шара соңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы аумақтық басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңестің төрағасы Қайрат Байбақтынов үздік мемлекеттік қызметшілерді дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.
Талдықорғанда дәстүрлі президенттік шырша өтті. Оған 200-ден астам бала қатысты.
Шыршаға аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім балалар, сондай-ақ оқу озаттары мен оқушылар арасында өтетін халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары шақырылды.
Осы жылы президенттік шырша жаңа «Жастар» спорт сарайында, үлкен алаңда өтті. Балалар үшін Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның және Бикен Римова атындағы драма театрының әртістері мен адамның бойымен бірдей қуыршақтар қатысқан мерекелік бағдарлама дайындалды. Алаңға 10 метрлік шырша орнатылды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауынан кейін, залға үлкен торт әкелінді.
Шараның соңында балаларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді. 62 мың теңге тұратын сыйлықтың жиынтығына бас киім, күртеше, аяқ киім, сонымен бірге спорт костюмі мен аяқ киімі, мектепке қажетті құралдар бар сөмке кіреді, сондай-ақ тәттілер мен ойыншықтар берілді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: