Оқиғалар
Көкшетау қаласының балалар шығармашылық мектебі –500-ге жуық баланы жұмыс шеберлігіне тек қылқаламмен және бояумен ғана емес, сонымен қатар мүсін жасауға, дизайнге және т.б. оқытатын мамандандырылған білім мекемесі. Балалардың тек облыста ғана емес, сонымен қатар одан тыс белгілі көркем-қолданбалы өнер шеберлерінен, Қазақстан суретшілер одағының мүшелерінен тұратын мектептің педагогикалық ұжымынан тәлім алуларына кең мүмкіндіктер бар. Балалар шығармашылық мектебінің оқушылары – қалалық, сондай-ақ облыстық аумақтағы барлық мүмкін болатын көрмелер мен конкурстардың белсенді қатысушылары. Міне, бүгін 2010 жылдың 3 желтоқсаны күні суреттер мен барлық мүмкін болатын ұсақ-түйек жұмыстар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Аспаздар ассоциациясының президенті Е. Мощинская, сондай-ақ жуырда Көкшетау қаласында болып өткен III – Ақмола өңірлік ұлттық ас үйлері – 2010 фестивалінің ұйымдастырушысы, Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Ш. Батырханов келді. Дәл осы фестиваль аясында суреттер конкурсы жарияланып, аталған мектептің тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды. Жоғары жас аралық тобында І дәределі диплом мен бағалы жүлдеге Грязнова Олеся (12 жаста) «Французский повар» суреті үшін және төмен топта III дәрежелі дипломға Фазылова София (6 жаста) «Находчивый поваренок» ие болды.
Кездесудің қонақтары құттықтап, қылқалам және қолданбалы өнердің бастауыш шеберлеріне жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
2010 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасының Аспаздар ассоциациясы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Көкшетау қаласында үшінші Ақмола өңірлік ұлттық ас үйлері-2010 фестивалін өткізді. Оны өткізу Ақмола облысында туристік кластерді құрудың және дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған шебер-жоспардың негізгі іс-шараларының бірін іске асырумен байланысты. Фестивальдың негізгі мақсаты туристердің тамақтануы, аспаздық шеберлікті әйгілеу, тамақтану және қонақжайлық индустриясын дамыту, тәжірибе алмасу, қонақ үй-туристік саладағы аспаздықты дамытудың перспективалы бағыттарын анықтау аясындағы қызметтер сервисін жетілдіруге және арттыруға бағытталды.
Фестиваль шеңберінде мейрамханалар, облыстың қоғамдық тамақтану және демалыс кәсіпорындары арасында аспаздар конкурстары, үздік ұлттық үстел, үздік тақырыпқа сай үстел, үздік ұлттық түскі ас, үздік тақырыпқа сай түскі ас атты кондитерлік өнер бойынша жеке және командалық жарыстар өткізілді, сондай-ақ фестиваль тақырыбы бойынша балалардың суреттерінің жұмыстары қаралды.
Ұлттық ас үйлері фестиваль жұмысына Бурабай курортының санаториялық-сауықтыру мекемелерінің мейрамхана кешендері, Көкшетау қаласының аспаздық, мейрамхана бизнесі субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, курорттық өңірдің сауықтыру орындары үшін сервистік қызмет көрсету кадрларын даярлайтын оқу орталықтары қатысты.
Фестиваль өткізу қорытындылары бойынша командалық жарыстарда 1 орын Көкшетау қаласының Plaza Hotel РГК-ге, 2 орын Щучье-Бурабай курорттық аймағының "Пирамида" дәмханасы мен Щучье қаласының №4 КЛ-ге берілді. Кондитерлік өнер бойынша жеке жарыстарда Бурабай кентінің «Lafaett casino club», Көкшетау қаласының № 11 КЛ және Щучье-Бурабай курорттық аймағының "Балдәурен" РУСО кондитерлері үздік болып танылды.
Аспаздық шеберлікті кешенді ұсынғаны үшні комиссия Ұлттық ас үйлері фестиалінің Гран-Приін арнайы дипломды табыстаумен Бурабай кентінің Lafaette casino club-ына беруді шешті. Конкурстық бағдарламалардың жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен жүлделер табысталды.
Фестивальға Ақмола облысының үздік тамақтану нысандарын, оның ішінде курорттық жүйені ұсынушы командалар қатысты. Ортақ талаптарға сәйкес фестиваль қатысушылары кәсіби киім-кешекте өнер көрсетті (куртка, қалпақ, белдемше, аяқ киім). Жеңімпаздарды құрамында Қазақстан Республикасы Азпаздар ассоциациясының тәуелсіз сарапшылары, аспаздық саласындағы жоғары дәрежелі мамандар, сондай-ақ «Бірлік» Ақмола облыстық кәсіподақтар филиалының төрағасы бар құзыретті комиссия анықтады. Комиссияны Қазақстан Республикасы Азпаздар ассоциациясының перзиденті – Ресей Азпаздар ассоциациясының тәуелсіз сарапшысы, Бүкіләлемдік Аспаздар одақтары ассоциациясының мүшесі, Бүкіләлемдік Аспаздар одақтары ассоциациясының белгілері бойынша Халықаралық дәрежедегі төреші, Ресей Азпаздар ассоциациясының «Абырой белгісі» жоғары аспаздық марапатының иегері – Е.И. Мащинская басқарды. Фестивальдің жеңімпаздарын анықтау барысында, комиссия мүшелері ерекше ықыласты тек қана үстелді әшекейлеуге, менюді оқу, үстелдің табырыбын ашу, қонақтарға қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен қатар тағамның әзірлену біліктілігі, оның тәтті сапасы және әзірлену күрделілігіне мән берілді.
Фестиваль шегінде пресс- конференция өткізілді, онда Республикалық және аймақтық БАҚ журналистердің көптеген сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Кіші және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдау, сондай-ақ туристік кластерді дамыту, кеден одағы, сондай-ақ бизнес жол картасы-2020 жөніндегі мәселелерді өңдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі «Қазақстандық көрмелер мен жәрмеңкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, «Көкшетау. Көрме Қазақстан 2010» республикалық көрме-жәрмеңкесін өткізеді.
Осыған байланысты «Қазақстандық көрмелер мен жәрмеңкелер одағы» ҚБ а.ж. 19 қарашада сағ. 10.00-де. Көкшетау қаласында «Бурабай» спорт сарайында өтетін «Көрме Қазақстан 2010» көрме-жәрмеңкесін көруге және қатысуға, сондай-ақ «Кеден одағы: артықшылықтары мен кемшіліктері» және «Бизнес жол картасы 2020» тақырыптарына арналған дөңгелек үстел отырысына қатысуға шақырамыз.
«Көрме Қазақстан 2010» көрме-жәрмеңкесі – бұл көпсалалы іс-шара, онда ел экономикасының барлық салаларының кәсіпорындары мен кәсіпкерлеріне қатысуға мүмкіндік бар. Үздік қатысушылар кеден одағының қатысушылары – Ресей мен Белоруссия өңірлеріндегі 2011 жылғы көрмелерге қатысады.
Көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты отандық тауарөндірушіні қолдау, өңірдің, кіші және орта бизнес кәсіпорындарының экономикалық мүмкіндіктерін көрсету, кедендік және салықтық бақылау, қаржы мекемелері өкілдерінің, сондай-ақ өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру.
2010 жылдың 24-25 қарашасында, Көкшетау қаласы «Көкшетау қонақ үйінде» туризм,дене-щынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырумен Кокшетау қаласына «Ұлттық ас үйi-2010 аймақтық фестивальі өтеді. Мейрамға Ақмола облысының жақсы аспаздары ат салысады. Осы шара туристтiк кластердiң бәсекеге түсе алатындығын маңызды фактор болып табылады, қоғамдық тамақтандыру аспазшылардың аспаздық өнерiнiң ары қарай әбден жетiлдiруiне бағытталған.
«Туризм.Саяхат.Спорт ITFA- 2010» (International Travel Fair of Aktobe) атты 8 ші туристік көрмесіне Ақмола облысының делегациясының қатысуы жайлы есеп. Ақтөбе облысы – Батыс Қазақстаның іскерлік және ірі кәсіпорын орталығы, географиялық жағдайды иеленген, туристік потенциял мағынасы бар, Қазақстанның ерекше қорғалатын туризм нысандарының қатарына енгізілген ерекше табиғат ескерткіштері бар. Шебер жоспар 48 қаулысына сәйкес 2009- 2011 жылға арналған Ақмола облысының туристік кластерді жасау және дамытуда облыстық маслихаттың бекітілген сессия шешімімен №4 с-19-8 дан 10. 12. 09 ж Ақмола облысының делегациясы 2010 жылдың 25- 28 мамыр аралығында «Туризм.Саяхат.Спорт ITFA- 2010»
(International Travel Fair of Aktobe) 8 ші туристік көрме және Ақтөбе қаласында өткізілген «Шеберлер ауылы» атты қолданбалы өнер шеберлерінің Республикалық фестивальіне қатысты. Көрме «Мега Ақтөбе» ойын сауық- сауда ортылығында өткізілген. Берілген көрме шегінде «Шебер ауыл» қолданбалы өнер шеберлерінің Республикалық фестивальіне 80 шеберлердің қатысуымен болды. Халық қол өнерін марапаттау және Ақтөбе облысының өнім индустриясын дамыту маңызды міндеттерінің бірі, қонақжайлық индустриясының құраушы бөлігі, яғни ол кезегінде туризмнің визит карточкасы болып қызмет етеді. «ITFA- 2010» көрмесінің ашылу салтанатына ҚР ТСМ Туризм индустриясының Комитет Төрағасы – М.А Саймасаев, Ақтөбе облысынң әкім орынбасары - С.К Нуркатова қатысты. Берілген көрме Қазақстан аймақтары арасында туризм аясында қызметтестікті дамытуға ең тиімді әрекеттерінің бірі, сонымен қатар аймақта тартымды туристік имиджті қалыптастыруға, іскерлік және жәрменке қатысушылары арасындағы байланысты әріптестікке ұластыруға мүмкіндік жасайды. Көрме өз кезегінде облыстың туристік кластері көрсетілген. Көрме экспоненттері оның 120 дан астамы, Қазақстанның 7 аймағы келіп, туристік фирмалар, қонақ үй және мейрамханалық бизнес субъектілері, көлік және сақтандыру компаниясы, демалу базалары, туристік және спорттық жинақтамасы бойынша кәсіпорындар, мұражай, Ақтөбе облысының туризм мамандығы бойынша түлектерді шығарушы оқу орындары жатады. Көрменің өзекті міндеті болып, қатысу дәрежесін анықтау және кәсіпкердің басымдылық мағынасы және сувенирлік өнімді өндіру нарығында потенциалды инвесторлар, туристік кластер инвестициялық жобасын жүзеге асыру. Бұл мақсатта көрмеге қатысушылар үшін «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді, яғни мынандай тақырыптарға байланысты: «Ішкі және сыртқы туризмнің даму мәселесі және жағдайы»; «Ақтөбе жерінің жол бойында орналасқан КБМ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» даму сервисі»; «Қонақ үй және мейрамханалық бизнестің дамуы»; «Халық қолөнері және шығармашылығы.Іздеу, жағдайы, шешу жолдары». Жоғары көрсетілген іс шараларға жергілікті атқарушы биліктің төрағалары қатысты, олар Қазақ туристік ассоциясы, МСБ, ФРП «Даму», СПК «Батыс»,АФ ОЮЛЛ «Ұлттық экономикалық палата «Союз Атамекен» және т.б қызығушылық танытқан жеке тұлғалар. Ақмола облысының делегеция мүшесіне - Ақмола облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Зеленый бор» санатройі, Щучье – Бурабай курортының зонасы БСО «Ракета», Қорғалжын ауданынан қолданбалы өнер шебері Жакупбекова В.Т. (жүн өнімдерінің сувенирі), ЖК Фризен В.И. (көркем сурет) Көкшетау қаласы. Берілген көрмеде Ақмола облысының туристік потенциялы жайлы жарнамалық- ақпараттық өнімнің 4 мың бірлігі таратылды.Көрме шегінде делегация біздің облысымыздың мына номинациялар бойынша конкурс презентациясына қатысты: «Ең үздік көрме экспозициясы», «Ең үздік қызмет көрсету презентациясы», «Ең үздік қол өнер жұмысы», сонымен қатар сыйлықтар жарысы. Көрмеде кең көлемде мәдени - сауықтыру бағдарламалары көрсетілді. Ақтөбе көрмесіндегі жұмыстың қорытындысына сәйкес «Ең үздік жарнамалық пакет» номинациясы бойынша Ақмола облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына диплом мен бағалы сыйлық берілді. Сонымен қатар көрме қатысушыларына «ITFA- 2010 Туризм. Саяхат.Спорт 8 ші туристік көрмесіне белсенді қатысқаны үшін» және «Шеберлер ауылы» атты Республикалық қолданбалы өнер шеберлерінің фестивальінің алғыс серификаттары ұсынылды. Көрменің басты қорытындысы бойынша Ақмола облысының туристік ұйымдары мен Қазақстан аймақтарының туристік ұйымдары арасында қызметтес болуы туралы келісім шартқа қол қойды. Көрмеге келген қонақтармен қатысушылар кетер алдында үлкен алғыстары мен келесі Ақтөбе қаласында өтетін «ITFA- 2011» туристік көрме қатысушысы болуды тіледі. Ақмола облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы - Әбілмаженова Д.К.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: