«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы.

«Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы 1996 жылы 10-сәуірде ұйымдастырылды. Ұлттық саябақтың территориясы 520,2 мың га. жерді алып жатыр. Саябақта таулы аймақ, құмды шөлді аймақ, жазық далалы аймақ, қырлы-жоталы аймақ және топырақты дадалы аймақ бар. Негізгі бөлігі таулы массивтерден тұрады. Таулы аймақтар теңіз деңгейінен 1200-2500 метр биіктік аралығында орналасқан. Үлкендігі жағынан Қазақстандағы ең үлкен табиғи парк. Саябақтың территориясында көптеген туристік мекендер бар. Солардың арасындағы ең ерекшесі — ”Әнші бархандар (Әнші құмдар)”

Саябақтың климаты — шұғыл континентальды. 

«Алтынемел» саябағының мақсаты

Саябақты ұйымдастырудың мақсаттары ретінде бірегей табиғат кешенін сақтауды, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды, азайып бара жатқан әрі сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтап қалуды және экологиялық туризмді дамыту саясатын атауға болады.

 

«Алтынемел» саябағының флорасы мен фаунасы.

«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдіктің түрлері бар. Олардың 21 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген болса, 60 түрі Жоңғар Алатауы мен Іле-Балқаш бассейнінде сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына кіреді.

Жануарлар әлемі бойынша саябақтың аумағындағы 56 түрлі жануар Қазақстанның Қызыл Кітабына енген. Соның ішінде 25 түрі жәндіктер, 3 түрі балықтар, 2 түрі қосмекенділер, 1 түрі бауырмен жорғалаушылар, 12 түрі құстар, 10 түрі сүтқоректілер.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні