Жан жүрегім - Астана

Бейбітшілік және келісім пирамидасы – бұл толеранттық идеясының апофеозі іспеттес, Қазақстан халықтары бірлігіне ескерткіш, оның үйлесімдік пен гуманитарлық құндылықтарға ұмтылуы. Стеланың ұшар басында алып Самұрық құс бейнеленген.Қазақ ұғымында Самұрық - еркіндіктің, күш-қуаттың, кендік пен тәкәппарлықтың символы болып саналады. Сол сияқты біздің Самұрық та – іргесі берік, шанырағы биік қазақ елінің бір көрінісі. Тәуелсіздігіміздің символы - “Қазақ елі” монументі асқақтап тұр. Монументінің ауқымы 5,02 гектар жерді алып жатыр. Ескерткіштің мұнарасы 91 метр. Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991жылы алды. Ескерткіштің биіктігі осы жылға орайлыстырып белгілеген.
1900 шаршы метр кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған. Ал тәуелсіздік тұғырын асқақ мұнараның ұшар басында заңғар аспан еркесі - Самұрық құстың 2,500 тонна алтындатылған қоладан жасалған бейнесі. Күн нұрына шағылысқан ақ мәрмәр ескерткіш, алып Самұрық құс дархан пейіл, жайсан қазақтың ақ көлінің, асқақ арманындай.

Астананыың 10 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қолжеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі. Қазақстанымыз бар болған он жылдың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі, зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді. Сарыарқа самалымен тербелген ерке - Есілдің бойындағы ғажап қала - ол біздің Астанамыз.
Астана сан - түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Сымдай бой түзеген көшелер, жымың-жымың сәулелер.
Сарыарқа төсін тіліп аққан ерке Есіл қала көркін асқақтата түседі. Шаһар сәні мен дария сұлулығы сабақтасып, керемет бір тылсым тіл, симфониялық үн сезім қылын шертеді.
Сұлу шаһар, тұнық әсем аспанда қалықтаған әсем ән.Астанадағы “Есіл” тұрғын үй кешені, “Астана –дәуір”, “Рамстор”, “Парламент ғимараты”, “Ғашықтар саябағы”, “Байтерек” салтанатты Ақорда,сәулеті келіскен сол жағалау сырт келбеті өзгеше бейбітшілік келісім сарайы, “Думан” ойын-сауық орталығы сынды Астананың көркіне көз тоймас талай ғажайыптары бар.

Байтерекке шығып түнгі Астананың көрінісін тамашалағанымызда қала оттары Есіл үстінде жарқ-жұрқ, от шашып құбылып жатқаның көресіз. Шетсіз,шексіз қала құлашын кең жайып, бүкіл Сарыарқаның сауырын ала көсіліп жатыр. Құрылыстардың күндізгі ауырылығынан босап, жеңілденіп, аспанға ұшуға ыңғайланған алып құс сияқты көрінеді.

Астананың бүгінгі көркі бойымызды тіктеп, жанымызды шымырлатып Сұлұлықтың жылы лебімен тербейді, бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңіл-күйін шарықтата биіктетеді. Адам намысын қозғап, әдет ғұрып салтымызға, рухани байлығымызға деген құрмет сезіміне бөлеп, сүйспеншілікке жетелейді. Сондықтан да Астананың 10 жылдық мерекесінің күллі Қазақстандықтар
Үшін тәрбиелік маңызы зор, мәні мол. Әсіресе жастарды елдік рухқа баулуға, оны қалыптастыруға әсері ерекше күшті. Ортақ мүдде ауыз бірлік, ұлтаралық келісіммен де татулықтың кілті де, сенімді Астана екені баршамызға аян. Қазақ елін тірегіміз, қазақ тілін жүрегіміз етсек екен.

Байтерек –жер жаһанды кейіптейтін әлем ағашы, Астана көркі, адамды сүйсіндіретін ұлт мақтанышы. Ел мерейін өсірер мындай жетістіктер Елбасымыздың ұстанған сындарлы саясатының арқасында Астана асқақтап еліміз қарыштап қанатын кеңге жаюда. Жылдан жылға көркейіп, гүлденуге, егемен ел болғанымыздың айғағы, өркендеуіміздің көрінісі.
Астананың он жылдығы аталып өтуі, оған өзге елдерден қонақтардың келуі елімізге деген үлкен құрмет. Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары, түсінікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындардың достық қарым-қатынасы, ынтымақ – бірлігі, Отан сүйгіштігі, ел жандылық сезімдері ой арқауына айналған.

Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, әлем жұртын көркімен тамсандырды. Ол көз алдымызда жыл санап емес, ай санап емес, күн санап, аңызға бергісіз шындықпен өсіп келе жатқан нұрлы қала. Оған бара қалсан , нешеме көріністерге куә боласын да, қайтарда бір қимастық сезім билеп алады.
Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірімізде арайлы рухты оятады. Алыстан айбынды көрінетін мәдениеттің қайнаған қазаны , жайнап тұрған ажарлы Ақорданы, қаланың қалыптасу жолдарын бүгінгі ұрпақ сезініп, әрбір қазақстандық мақтанышпен “Менің Астанам” деп айтады.

Тарих үшін 10 жыл - өте қысқа уақыт.
Мереке құшағындағы Астана қыз жасауындай құлпырып, сән-салтанатын асқақтата түскен. Астана-шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы.

Астана-қазақтың үшінші мынжылдыққа, жиырма бірінші ғасырға шаршамай жеткен, кірленбей жеткен, пассионарлық әулетің сақтаған ұлт екендігін айғағы. Астана-қазақтың достыққа адал, сертке берік салты барлық қазақстандықтардың ортақ менталитетіне айналған. Осыдан дәл он жыл бұрын Астананың халықаралық тұсаукесері өткен жер- Қажымұқан атындағы стадион бұрынғы Ақмола бекінісінің дәл салынған еді.
Енді бүгінде елі үшін он жыл бойы аттан түспеген қазақтың соңғы ханы ат ойнатқан күйі ерке Есілдің арғы жағынан сол жағалаудағы жаңа қалаға қарап тұр.
Астана дегеніміз - алдымен адамдар. Астана адамдарымен асқақбайды.
Астананың көркеюі-ел дамуының негізгі көрсеткіштердің бірі. Астана тек қана әкімшілік қала емес ,халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері, театрлары мен музейлері. Астана-келешектің қаласы болуы тиіс. Астана-толассыз түлеу, дамылсыз даму үстінде әсем қала. Бұл біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз ұрпақтан ұрпаққа айтылатын аңыз болып айтылар ардақты Астанамыз!

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні